00:00
Астана -10oC
USD:
443.35
EUR:
475.54
RUB:
4.82
Іздеу

Күйеуім ұйықтап жатып көз жұмды – Роза Рымбаева

14.03.2024 | 11:02
49
фото: YouTube/ Dinara Satzhan

Мен үшін бұл күтпеген жерден келген ауыр соққы болды. Күйеуімнің бірнеше рет микроинсульті болды және ол оған аса мән бермеді, дәрігерге де бармайтын. Соңғы инфаркт ұйықтап жатқан кезінде болып, көз жұмды. Аяғым ауыр кезде бұл қайғыны көру оңайға түспеді. Ауруханаға бірнеше рет түстім, баламнан айырылып қалу қаупі болды. Сол кезде бар күш-жігерім баламды аман-есен дүниеге әкеліп, Әлиімді өсіріп жеткізу болды. Содан бері мен өнер, музыка, сахна үшін емес, балаларым үшін өмір сүріп келемін. Құлыншақтарымның аяққа тұрып, бақытты өмір сүруі үшін барымды жасадым. Биыл ақпан айында алғашқы немерем бір жасқа толды. Екі ұлым да музыка саласында, өз істерінің маманы, композитор, екеуі де менің музыкалық көмекшілерім! - дейді өнер иесі.

Барлық жаңалықтар