00:00
Астана -10oC
USD:
443.35
EUR:
475.54
RUB:
4.82
Іздеу

Бағлан Әбдірайымов Қайрат Нұртасты ұрып жіберген (ВИДЕО)

31.03.2023 | 22:21
ҒаниАтымтай
44

Әнші, «Жігіттер» квартетінің мүшесі Бағлан Әбдірайымов журналист Нұрсейіт Жылқышыбайдың «Уақыт көрсетеді» бағдарламасында Қайрат Нұртасты не үшін ұрғанын айтты, деп жазады Elorda.info.

Оқиға Республика сарайының сыртында болған. Онда «Алтын Самұрық» концерті өтіп жатқан. Сыртта Бағлан мен Еркін Нұржанов сөз таластырып, әлденені шеше алмай тұрған.

Оқи отырыңыз: Таразда концертке қатыспаған Қайрат Нұртас сол күні қаладағы тойда ән айтқан (ВИДЕО)

«Қажылар, не болды сендерге?»: Қайрат Нұртас пен Төреғали Төреәлінің қылығы жұртқа жақпай қалды (ВИДЕО)

Қайрат Нұртас есірткі қолданды деген күдікке ілінді

Әншілер бір-біріне дауыс бергенде, сахна сыртында Еркін Нұржанов бізге дауыс беретін болып келіскенбіз. Финалда «Жігіттер» квартеті мен Тоқтар мен Бейбіт қалдық. Біз жеңейін деп тұрғанбыз. Жасы үлкен, халықтың қалауымен Тоқтар мен Бейбіт жеңіске жетті. Сосын сыртқа шыққан кезде Еркінге «Сенікі дұрыс емес қой. Сен «бізге дауыс беремін» дедің. Енді неге басқа әншіге дауыс бересің? Сенікі дұрыс емес» деп тұрған кезде, Қайрат (Нұртас — ред) сөзге араласып қалды. Мен «Қайрош, сен араласпай-ақ қой» деп едім, шап етіп сөз қайтарып қалды. Мен өзім мектепте 1984 жылғылармен бітірсем, 1982-83 жылғылардан таяқ жеп өскенмін. Ол мықты ма, мықты емес пе, үлкеннің аты — үлкен. Ауылда солай тәрбие қалыптасқан.

Сол кезде Қайраттың шап ете қалғаны бар. Сөз қайтарып келе жатыр еді, сол кезде бір шапалақ тартқаным бар. Жақтан тиді. Зұлымдықпен қол көтерген емеспін, ағалық-інілік қой. Кейін Қайраттың өзі де «Сенге көшіп бара жатыр едім, қайтадан «сіз» болдыңыз ғой» деп қалжыңдап айтады. Ол енді қанша жыл бұрынғы оқиға ғой. Ол кезде біз де, ол да бала еді. 20-21 жастағы балалармыз ғой шамамен. Арамыз бұзылған емес, — деді әнші.

Барлық жаңалықтар