00:00
Астана -10oC
USD:
443.35
EUR:
475.54
RUB:
4.82
Іздеу

Apple компаниясы кезекті презентациясын өткізді (ВИДЕО)

31.03.2023 | 16:54
Елорда ақпарат
23

iPhone 14 Pro және iPhone 14 Max. iPhone 14 Plus конфигурациясы бойынша бастапқы деңгейдегі iPhone 14-ке ұқсас. Смартфон жылдамырақ LPDDR5 жедел жадымен қамтылмақ. Негізгі камераның ажыратымдылығы 12 мегапиксельді және F / 1.5 диафрагмаға ие. Бес түсте шығарылады: ақ, қара, қызғылт, сарғыш, қызыл. 9 қыркүйектен бастап екі модельге де алдын ала тапсырыс беруге болады. Model 14 16 қыркүйекте және Model 14 Plus 7 қазанда сатылымға шығады. iPhone 14 бағасы 799 доллардан, ал iPhone 14 Plus 899 доллардан басталады. 

Компания  бірден үш жаңа смарт-сағат моделін көрсетті. Apple iWatch сегізінші қосымша датчиктер арқылы сағат автомобиль апаттарын танып, шұғыл қызметтер мен контактілерді автоматты түрде хабардар ету мүмкіндігіне ие. Құны 399 доллардан басталады. 16 қыркүйекте сатылымға шықпақ.

Презентация соңында Apple екінші буын AirPods Pro-ны ұсынды. Жаңа құлаққаптың дизайны бастапқы нұсқадан айтарлықтай өзгерген жоқ, сенсорлық тақта орнатылды. Оның көмегімен дыбыс деңгейін реттеуге болады. Бағасы 249 АҚШ долларын құрайды.

Гүлжан Уалиева

Барлық жаңалықтар