00:00
Астана -10oC
USD:
443.35
EUR:
475.54
RUB:
4.82
Іздеу

«Ақша – қолдың кірі емес»: Жұлдыз Әбдікәрімова байлық туралы сөз қозғады (ВИДЕО)

25.02.2023 | 05:32
Елорда ақпарат
35

Әйелдер өзінікінен бұрын өзгенің ақшасын санағанды жақсы көреді. Әсіресе, күйеуінің жалақысын түспей жатып, ойша жаратып жібереді. Ақшасы азайып бара жатса, көңіл-күйі де түсіп бастайды.

Жалпы, біздің тәрбиеде ақшамен қарым-қатынасымыз дұрыс емес:
1. «Ақша қолдың кірі» дейді. Жоқ, ақша қолдың кірі емес, ақша - маңдайдағы тер, тап-таза еңбек.
2. «Бай болу - жаман». Жоқ, бай болу - бар болу. Бар болғанның несі жаман?!
3. «Бай болу - сараң болу». Мұнымен де келіспеймін. Бар адам қолында болған соң береді, жоқ болса несін береді. Бай болу - өзіңде барыңмен, артылғаныңмен бөлісу, - деп жазды ол.

Бір оқырманы «Ақша көп болса, бұзылып, жаман жолға түсіп кетеді деген бар» деп жазған.

Алайда актрисаның оған берер жауабы да дайын екен. 

Ол әр адамның сана-сезіміне байланысты. Бұзылам деген адамды тоқшылық та, жоқшылық та бұзады, - деді Жұлдыз Әбдікәрімова.

Барлық жаңалықтар