00:00
Астана -10oC
USD:
471.46
EUR:
504.79
RUB:
5.53
Поиск

Президенттік арнаулы әдеби сыйлыққа өтініш қабылданып жатыр

27.06.2024 | 08:55
Торғын Аман
147
Президенттік арнаулы әдеби сыйлығына өтініш қабылданып жатыр
фото: ашық дереккөзден

Жас жазушылар мен ақындар үшін Президенттік арнаулы әдеби сыйлыққа өтінімдер қабылдау жалғасуда. Бұл туралы Elorda.info Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

Әдеби сыйлыққа 18-35 жасқа дейінгі қаламгерлер бұрын халықаралық және ұлттық байқауларға қатыспаған туындыларымен үміткер бола алады.

«Сыйлық «Проза», «Поэзия», «Драматургия» және «Балалар әдебиеті» деп аталатын төрт номинация бойынша беріледі. Автор тек бір номинацияға ғана қатыса алады. Сыйлықтың иегерлеріне «Қазақстандық жас жазушылар мен ақындар үшін Президенттік арнаулы әдеби сыйлықтың лауреаты» атағы беріледі, сондай-ақ диплом, төсбелгі және 4,1 млн теңге көлемінде ақшалай сыйақымен марапатталады», - деп көрсетті министрліктің баспасөз қызметі.

Биыл жас жазушылар мен ақындарға арналған Президенттік сыйлық екінші рет беріледі.  Байқаудың мақсаты – жас қаламгерлерге мемлекеттік қолдау көрсету.

Өтінімді 2024 жылғы 31 шілдеге дейін мына мекенжайға жолдау қажет: Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы, 8, 13 кіреберіс. ҚР МАМ Архив, құжаттама және кітап ісі комитеті, 273 кабинет.Барлық сұрақтарды +7 707 541 80 06 нөмірі бойынша анықтауға болады.

Все новости