Хорватиялық балалар Қазақстан туралы деректермен танысты
![](/img/watch-gray.png)
![Хорватиялық балалар Қазақстан туралы деректермен танысты](/img/articles/1c009226bb8144c701a68ad8592ba8b8.jpg)
Қазақстанның Хорватиядағы Елшілігі «Балалар – үздік әлем үшін» қауымдастығымен бірлесе отырып, Самобор қаласының оқушыларына, ата-аналарына және мектеп оқытушыларына Қазақстанмен, оның тарихымен, мәдениетімен және географиясымен танысуға арналған іс-шара өткізді, деп хабарлады Elorda.info СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оларға елшілік ұйымдастырған еліміз туралы мультимедиялық таныстырылым, сондай-ақ хорват тілінде жарық көрген Алдар Көсе туралы қазақ ертегілерінің жинағы ұсынылды. Бұл дүниелер балаларды Қазақстанның рухани мұрасымен және халқымыздың бай тарихымен қолжетімді әрі қызықты түрде таныстыруға мүмкіндік берді.
Мәдени акция аясында қазақтың ұлттық киімі, Қазақстанның көрікті жерлері туралы бейнероликтер көрсетілді, сондай-ақ ақпараттық брошюралар мен туристік буклеттер және ұлттық кәдесыйлар таратылды. Сәндік-қолданбалы өнер заттары, фотокартиналар мен Қазақ асханасының дәстүрлі тағамдары ұсынылып, қонақтарға Ұлы дала көшпелі халықтарының мәдениеті мен тұрмысын көрсетті. Көшпенділердің ғасырлар бойғы тарихы мен бай мұрасы Балқандар тарапынан үлкен қызығушылық тудырады.
Іс-шараға қатысушылар қазақстандық қонақжайлылықтың игі дәстүрлерін толығымен сезіне алды. Хорватиялық оқушыларға сыйлық ретінде қазақ халқының салт-дәстүрлері бейнеленген ашықхаттар мен қазақ ертегілері кітаптары таратылды.
«Балалар – үздік әлем үшін» Қауымдастығының басшылығы қазақ дипломаттарға алғысын білдіріп, Қазақстан Республикасына амандық пен өркендеуді тіледі.
![«Қазақконцерт» әртістері АҚШ-та өнер көрсетті](/img/articles/0efe4e3062e93ac5a3382081136a03c7.jpeg)
![Президенттік арнаулы әдеби сыйлыққа өтініш қабылданып жатыр](/img/articles/07485779c69c1f2b3221035500d21617.jpeg)
![Астанада эстрада-симфониялық оркестрінің концерті өтеді](/img/articles/fadf8c0b3a3139739589d02030f4d5bd.jpg)
![Есіл жағалауында «Әуендер толқыны» концерті өтті](/img/articles/245fade700a41c36effe67302d31dbeb.jpg)
![Астанада «Тұлғалар – ғажап жандар» кітабының тұсаукесері өтті](/img/articles/527b037c7411ee556a3c39a39e2ebe1b.jpg)
![Қазақстандық театр әртістері Оңтүстік Кореяда өнер көрсетті](/img/articles/5a9ccb6c53c752cdf71aa2c8944225c5.jpg)
![Испаниялық музыканттар «Опералия-2024» фестиваліне қатысады](/img/articles/acbc9ac1576d5217660ff5f972229618.jpg)
![Инклюзивті театр: дипломы жоқ қанатты актерлердің өнер ордасы](/img/articles/cbee92a15c1f511a3726577c4393f19c.jpg)
![Елордада Жамбыл Жабаев туралы көркем фильмнің тұсауы кесілді](/img/articles/0db8363d8e9bdcac8a379af5e9609cfa.jpg)
![Колумбияның беделді радиосында Димашқа арналған бағдарлама шықты](/img/articles/7b6967f092121630a0c189e10a1dcc26.jpg)
![Астанада «Тұлғалар – ғажап жандар» кітабының тұсаукесері өтті](/img/articles/527b037c7411ee556a3c39a39e2ebe1b.jpg)
![Алтынбек Нұхұлы: Қаныш қазақтың ғылымынан бөлек руханиятына да ерекше үлес қосқан тұлға](/img/articles/2396b2dbc49a5722910387452bab0466.jpg)
![Хорватиялық балалар Қазақстан туралы деректермен танысты](/img/articles/1c009226bb8144c701a68ad8592ba8b8.jpg)
![16 наурыз - Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні](/img/articles/uploads/nauryznama_fad85260f3.webp)
![Олжас Құрманбек: Қобызды бүкіл әлемге дәріптегім келеді](/img/articles/64a7a39f1aaa4b27a87b929f2e447556.jpg)
![«Дәстүр» фильмі: Қоғам пікірі неге екіге жарылды?](/img/articles/uploads/fil_ff541376e5.jpg)
![Димаш Шанхай опера театрының сахнасында өнер көрсетті](/img/articles/fc0fde4c6d49e2c30c26705afb68dd14.jpg)
![Елордада «Бейбарыс» операсының премьерасы қойылды](/img/articles/uploads/gl_8790f036fa.jpg)