Елордада «Бейбарыс» операсының премьерасы қойылды
![](/img/watch-gray.png)
![](/img/articles/uploads/gl_8790f036fa.jpg)
Қазақ даласының ұлы перзенті, 1260-1277 жылдары Мысыр мен Сирияны билеген атақты қолбасшы, көрнекті мемлекет қайраткері Сұлтан Бейбарыс туралы операның концерттік премьерасын елорданың мәдени өміріндегі жарқын оқиға деп атауға болады.
Опера жасау идеясын 2003 жылы композитор Айтқали Жайымов ұсынған екен . Алғашқы нұсқасы консерваторияны кәсіби композитор ретінде жаңадан бітірген Арман Жайымның қатысуымен 2007 жылы шықты. Жаңа шығарма бойынша жұмыс кейінгі жылдары да жалғасып, туындыны 2013 жылы Қазақ филармониясының оркестрі орындады. Өткен жылы авторлар бұл тақырыпқа қайта оралып, бұрынғы нұсқасын қайта өңдеді. Сөйтіп, кеше Е.Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармониясының сахнасында бас дирижер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» орденінің иегері, профессор Айтқали Жайымовтың көркемдік жетекшілігімен қазақ оркестріне арнайы жазылған жаңа туынды көрермен назарына ұсынылды, - деп жазды филармонияның баспасөз қызметі.
Либретто авторлары – Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, ақын Ұлықбек Есдәулет пен ҚР еңбек сіңірген қайраткері Айтқали Жайымов. Операның концерттік нұсқасын шығаруға камералық хор (көркемдік жетекшісі және бас дирижері, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, профессор Гүлмира Құттыбадамова); «Шалқыма» халық би ансамблі (көркемдік жетекшісі, «Құрмет» орденінің иегері, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Әбдірасул Есекеев); Ұлттық ұланның ән-би ансамблінің би тобы (көркемдік жетекшісі Эльмира Баққали) және ҚР Қорғаныс министрлігі Ұлттық әскери-патриоттық орталығының би тобы (көркемдік жетекшісі, кіші сержант Әлішер Мұхатаев) атсалысты.
Опера партияларын филармонияның классикалық вокал бөлімінің солистері орындады. Сахнада Бейбарысты Алтынбек Әбілда, Людовикті Нұрсат Алмас, Айдананы Шахризада Тыныштық, Қалауынды Алтынбек Арыстанбек, Күндікді Талғат Аллабириновтер шырқады.
Ал классикалық вокал бөліміне Мәдениет саласының үздігі Роза Шотқалиева көркемдік жетекшілік етті.
![«Қазақконцерт» әртістері АҚШ-та өнер көрсетті](/img/articles/0efe4e3062e93ac5a3382081136a03c7.jpeg)
![Президенттік арнаулы әдеби сыйлыққа өтініш қабылданып жатыр](/img/articles/07485779c69c1f2b3221035500d21617.jpeg)
![Астанада эстрада-симфониялық оркестрінің концерті өтеді](/img/articles/fadf8c0b3a3139739589d02030f4d5bd.jpg)
![Есіл жағалауында «Әуендер толқыны» концерті өтті](/img/articles/245fade700a41c36effe67302d31dbeb.jpg)
![Астанада «Тұлғалар – ғажап жандар» кітабының тұсаукесері өтті](/img/articles/527b037c7411ee556a3c39a39e2ebe1b.jpg)
![Қазақстандық театр әртістері Оңтүстік Кореяда өнер көрсетті](/img/articles/5a9ccb6c53c752cdf71aa2c8944225c5.jpg)
![Испаниялық музыканттар «Опералия-2024» фестиваліне қатысады](/img/articles/acbc9ac1576d5217660ff5f972229618.jpg)
![Инклюзивті театр: дипломы жоқ қанатты актерлердің өнер ордасы](/img/articles/cbee92a15c1f511a3726577c4393f19c.jpg)
![Елордада Жамбыл Жабаев туралы көркем фильмнің тұсауы кесілді](/img/articles/0db8363d8e9bdcac8a379af5e9609cfa.jpg)
![Колумбияның беделді радиосында Димашқа арналған бағдарлама шықты](/img/articles/7b6967f092121630a0c189e10a1dcc26.jpg)
![Астанада «Тұлғалар – ғажап жандар» кітабының тұсаукесері өтті](/img/articles/527b037c7411ee556a3c39a39e2ebe1b.jpg)
![Алтынбек Нұхұлы: Қаныш қазақтың ғылымынан бөлек руханиятына да ерекше үлес қосқан тұлға](/img/articles/2396b2dbc49a5722910387452bab0466.jpg)
![Хорватиялық балалар Қазақстан туралы деректермен танысты](/img/articles/1c009226bb8144c701a68ad8592ba8b8.jpg)
![Олжас Құрманбек: Қобызды бүкіл әлемге дәріптегім келеді](/img/articles/64a7a39f1aaa4b27a87b929f2e447556.jpg)
![16 наурыз - Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні](/img/articles/uploads/nauryznama_fad85260f3.webp)
![«Дәстүр» фильмі: Қоғам пікірі неге екіге жарылды?](/img/articles/uploads/fil_ff541376e5.jpg)
![Димаш Шанхай опера театрының сахнасында өнер көрсетті](/img/articles/fc0fde4c6d49e2c30c26705afb68dd14.jpg)
![Елордада «Бейбарыс» операсының премьерасы қойылды](/img/articles/uploads/gl_8790f036fa.jpg)