00:00
Астана -10oC
USD:
473.15
EUR:
515.12
RUB:
5.4
Поиск

«ASTANA MUSICAL» театры Халықаралықфестивальде үздік деп танылды

06.05.2024 | 09:36
461
«ASTANA MUSICAL» театры Халықаралықфестивальде үздік деп танылды
фото: www.gov.kz

Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының «ASTANA MUSICAL» театры сахналаған «№13» спектаклі Халықаралық II «Сәлем» комедиялық театр фестивалінде «Үздік комедиялық спектакль» номинациясы бойынша үздік атанды, деп хабарлады Elorda.info.

Биыл фестиваль Қазақстанның Халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, жазушы-драматург Сәкен Жүнісовтың 90 жылдығына арналды.

«Сәлем» фестиваліне еліміздің танымал театрлары,одан бөлек Әзірбайжан мемлекеттік «Пантомим» театры, Түркияның Ыстанбұл мемлекеттік театры қатысты. «ASTANA MUSICAL» Рэй Кунидің «№13» комедиясын ұсыып, қазылар алқасының жоғары бағасын алды, - деді Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі.

Все новости