00:00
Астана -10oC
USD:
471.46
EUR:
504.79
RUB:
5.53
Поиск

Колумбияның беделді радиосында Димашқа арналған бағдарлама шықты

04.06.2024 | 11:06
Торғын Аман
304
Колумбия беделді радиосында Димашқа арналған бағдарлама шықты
Фото: instagram.com/kudaibergenov.dimash

Колумбияның беделді Radio Bolivariana радиостанциясында толығымен Димаш Құдайбергенге арналған отыз минуттық радиобағдарлама жарық көрді, деп хабарлады Elorda.info dimashnews.com сайтына сілтеме жасап.

Radio Bolivarana — Колумбияның Медельинде орналасқан Папа Боливариандық университетінің радиостанциясы. 1948 жылы 11 тамызда алғаш рет эфирге шыққаннан бері радиостанция бағдарламаларында денсаулық, мәдениет, қоғам, білім беру, әдебиет, колумбиялық және халықаралық танымал музыканы қоса алғанда әртүрлі тақырыптарды қамтыды. Бұл Колумбиядағы ең беделді және танымал радиостанциялардың бірі болып саналады.

Димаш Құдайбергенге арналған бағдарламаның эфирінде тыңдармандар қазақстандық орындаушының өмірі мен шығармашылығы туралы көп дүние білді. Бағдарламаның музыкалық репертуарында «S.O.S.», «Zhalyn», «Я скучаю по тебе», «Together», «Любовь уставших лебедей» және «Ave María» сияқты танымал шығармалар болды.

 

Все новости