00:00
Астана -10oC
USD:
471.83
EUR:
505.66
RUB:
5.4
Поиск

Қазақстандық домбырашылар Open Italy байқауының бас жүлдесін жеңіп алды

25.04.2023 | 17:30
123

Қазақстандық инструменталды дуэт Тамерлан мен Реннат Open Italy 2023 беделді музыкалық байқауының гран-при жүлдесін жеңіп алды, деп хабарлады Elorda.info.

«Роза Бағланова атындағы Қазақконцерт» МКО солистері Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Италияға барып өнер көрсетті. Жыл сайын Песаро қаласында өтетін іс-шара 24 елден қатысушыларды жинады, олардың арасында қазақстандық дуэт үздік деп танылды.

Біздің дуэт «Адай», «Көроғлы», «Әлқисса» күйлерін, О.Сүлейменовтің West шығармасын орындап, қазылар алқасы мен көрермендерді баурап алды. 

Мен Тамерлан мен Реннатты жарқын жеңісімен құттықтаймын. Жігіттердің қазақ музыкасын орындай отырып, халықаралық деңгейде жетістікке жеткені қуантады. Олардың өнері басқа талантты отандастарымызды шабыттандыратынына сенімдімін! - деп құттықтады Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов.

Все новости