00:00
Астана -10oC
USD:
471.83
EUR:
505.66
RUB:
5.4
Поиск

Парижде өткен сән апталығында қазақстандық дизайнерлер өнер көрсетті

31.03.2023 | 22:22
Елорда ақпарат
93

Ерекше қойылымға елдегі ең әдемі алаң «Шығыс сән шоуы» арнайы таңдалған. Oriental Fashion Show қайта оралды, деп хабарлады Elorda.info.

Хабар24 жазуынша, пандемиядан кейін шығыс сәнгерлердің апталығын халық асыға күткен. Биыл шоу 50 жылдық мерейтойын атап өтті. Көпшілік Жібек жолы және Таяу Шығыс елдері сәнгерлерінің өнерін қызыға тамашалады. 



Парижде сән сыншылары үнемі барлығын анық әрі нақты көрсетіп айтады. Сондықтан қазақстандық дизайнерлер үшін мұндай сын-көзқарастың пайдасы көп. Егер сіз Париж немесе Милан сияқты Еуропаның өзге сән орталықтарында осындай тәжірибеден сүрінбей өтсеңіз, бұл дұрыс бағытта дамып келе жатқаныңызды білдіреді, - деді қазақстандық сән апталығының негізін қалаушы Саят Досыбаев.

Қазақстандық дизайнер және этнолог Ханум Айдаш ежелгі түркі мәдениетінен тұратын топтамасын жұрт назарына паш етті. Киімдерде көгілдір түс басым болып, ғасырларға ұласқан тарихы бар аксессуарлар – сәукеле мен дәстүрлі әшекейлер көрсетілді. 

Астанадан келген Сабина Вольская қазіргі заманауи нақышқа тән элементтерді көрсетті. Оның балаларға арналған киімдері шара қонақтарының ерекше ықыласына бөленді. Мұндай қошемет қазақстандық сәнгерлерге бұған дейін көрсетілген емес. Жиналған жұртқа балалар топтамасы ғана емес, кішкентай модельдер де қатты ұнады. Парижге арнайы шараға қатысуға келген кішкентай балақайлар Франция жұртшылығының көзайымына айналды.   



Керемет! Сахнада балалар киім үлгілерін көрсету алғаш рет ұйымдастырылып, өте жоғары деңгейде өтті. Кішкентайлар осы өнермен туғанынан айналысып келе жатқандай тамаша әсер қалдырды. Біз мұндайды күтпеген едік, - деді Oriental fashion show негізін қалаушы Хинд Жудар.

Мен подиумға бірінші шығып, қойылымның шымылдығын аштым. Ешкімді ұятқа қалдырмау үшін шешем кеңес берді, өзімді сенімді ұстадым. Бұл осы сән саласында еңбек етіп жүрген әр модельдің арманы ғой, - деді сән көрсетіліміне қатысушы Айлин Вольская.

Шығыс сән апталығына биыл 12 елдің дизайнерлері қатысты. Ұзақ үзілістен кейін ұйымдастырушылар кәсіби мамандармен ынтымақтастығын қайта жандандырмақ. Келесі сән апталығы жазда өтеді деген жоспар бар. Шараға қазақстандық кутюр сәнгерлері қатысады.

Все новости