00:00
Астана -10oC
USD:
471.83
EUR:
505.66
RUB:
5.4
Поиск

Еліміздегі үздік жас пианистер марапатталды

31.03.2023 | 20:30
Елорда ақпарат
48

Елордада Astana Piano Passion республикалық жас пианистер байқауының жеңімпаздары марапатталды, деп хабарлады Elorda.info.

Байқау қорытындысы бойынша Алматы қаласынан келген 15 жастағы Жұлдыз Ержеңіс Astana Piano Passion Гран-при иегері атанып, 3 000 000 теңге ұтып алды. Сондай-ақ, оған «Астана Опера» театрының Камералық залында жеке концерт ұйымдастыруға немесе әлемге әйгілі маэстро Алан Бөрібаевтың жетекшілігімен Симфониялық концертке қатысуға мүмкіндік берілді.

Мәдениет саласындағы маңызды бағыттарының бірі – еліміздегі жас таланттарды қолдау, олардың шығармашылығына жол ашу. Бүгін жеңімпаз атанған ұл-қыздарымыз болашақта әлем сахналарын бағындыра алатынына сенімдімін. Алдағы уақытта іс-шара ауқымын бұдан да кеңейтуіміз керек. Себебі, музыкада шекара болмайды, кез келген әуеннің тілі барша халыққа ортақ. Бүгін марапатқа ие болған жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймын, - деді Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев Гала-концертте.

Іріктеу кезеңіне 112 бала қатысты, оның 59-ы жартылай финалға өтті. Қазылар алқасы еліміздің барлық облыс орталықтарына барып іріктеу турларын және балаларға арналған шеберлік сабақтарын өткізді. Қазылар алқасы құрамында еліміздің көрнекті мәдениет және өнер қайраткерлері, сондай-ақ фортепиано өнері саласындағы халықаралық байқаулардың лауреаттары болды.

Байқау қорытындысы бойынша жас ерекшелігіне сәйкес үш топ арасында I, II және III орын иегерлері анықталды. Үздік музыканттарға ақшалай сертификаттар табысталды.

Все новости