Нұр-Сұлтанда "Ұлы даланың жазба мұралары" көрмесі ашылды
![](/img/articles/uploads/61a63187b7fd4574035345_2406f62f6b.jpeg)
Көрмені ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитеті директорының орынбасары Мақсат Арғынбеков, "Әзірет Сұлтан" мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі директорының міндетін атқарушы Ерсін Тәжібаев, Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының директоры, PhD докторы Жандос Болдықов лентасын қиып, сәттілік тіледі.
"1 желтоқсан - Тұңғыш Президент күні және Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған көрменің тарихи маңызы зор. "Әзірет Сұлтан" қорық-музейі қорында сақталған жәдігерлер мен мұраларды насихаттап, көпшілік назарына ұсыну бағытында айрықша еңбек етіп келеді. Ғасырдан ғасырға жеткен қолжазбалар жайында мәліметтер әрбір адамның тарихи көзқарасының ашылуына, өткенге құрметпен қарауына үлкен әсер сыйлайды. Ерекше маңызы бар көрменің ашылуымен баршаңызды құттықтай отырып, істеріңізге сәттілік тілеймін!", - деді Мақсат Арғынбеков.
"Әзірет Сұлтан" қорық-музейі директорының міндетін атқарушы Ерсін Ботабайұлы көрменің мақсаты жөнінде әңгімелеп, ел назарына ұсынылған жәдігерлердің тарихына тоқталды.
"Ұлы даланың жазба мұралары" атты көрмеге "Әзірет Сұлтан" қорық-музейінің қорында сақталған қолжазба құрандар мен тәфсірлер, хадистер мен ғазалдар, хикметтер және заң, логика, геометрия, астрономия саласына қатысты тарихи жәдігерлер қойылды. Көрме экспозициясына 60-қа жуық экспонаттар орналастырылды. Оның ішінде 37 дана жазба ескерткіш, 15 дана Құран Кәрім аяттары картиналар, күрсілер мен тасбихтар және шырақтар бар. Көрме Елорда тұрғындары мен қонақтарының назарына бір ай бойы таныстырылады", деді Ерсін Тәжібаев.
Өз кезегінде Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының директоры, PhD докторы Жандос Бекділдәұлы да барша қонақтарға алғыс айтып, қорық-музей мен орталық арасындағы іскерлік байланыс арта беретінін жеткізді.
"Ұлы даланың жазба мұралары" атты көрме экспозициясында ХVІІІ-ХІХ ғасырларға тән қолжазба құрандар, ХХ ғасырдың басында Қазан баспасынан жарық көрген Құран кітаптар, 1910 жылы араб, парсы тілінде Қазан баспасынан шыққан тәфсірлер, Сахих әл-Бухаридің араб тілінде жазылған Ыстамбұлдың Дар әл-Халифат әл-Ғалия Ғамира баспаханасынан 1897 жылы шыққан "Мұхаммед (с.а.у.) хадистері" нұсқасы, 1906 жылы Қазан қаласы "Ағайынды Каримовтер" баспаханасынан шыққан түркі тілінде жазылған "Мың бір хадис" кітабы, Қожа Ахмет Ясауидің 1845 жылдары көшірілген қолжазба "Диуани хикмет" кітабы, "Диуани хикмет" кітабының Қазан баспасынан шыққан нұсқалары, тағы да басқа құнды мұралар бар.
"Әзірет Сұлтан" мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің қорында 26 мыңнан аса жәдігерлер болса, оның ішінде негізгі және ғылыми көмекші қорға жататын 634 кітап сақталған.
Оның қолжазба нұсқасы – 158 дана. Қалған 476 дана кітап көне баспалар болып табылады.
![«Қазақконцерт» әртістері АҚШ-та өнер көрсетті](/img/articles/0efe4e3062e93ac5a3382081136a03c7.jpeg)
![Президенттік арнаулы әдеби сыйлыққа өтініш қабылданып жатыр](/img/articles/07485779c69c1f2b3221035500d21617.jpeg)
![Астанада эстрада-симфониялық оркестрінің концерті өтеді](/img/articles/fadf8c0b3a3139739589d02030f4d5bd.jpg)
![Есіл жағалауында «Әуендер толқыны» концерті өтті](/img/articles/245fade700a41c36effe67302d31dbeb.jpg)
![Астанада «Тұлғалар – ғажап жандар» кітабының тұсаукесері өтті](/img/articles/527b037c7411ee556a3c39a39e2ebe1b.jpg)
![Қазақстандық театр әртістері Оңтүстік Кореяда өнер көрсетті](/img/articles/5a9ccb6c53c752cdf71aa2c8944225c5.jpg)
![Испаниялық музыканттар «Опералия-2024» фестиваліне қатысады](/img/articles/acbc9ac1576d5217660ff5f972229618.jpg)
![Инклюзивті театр: дипломы жоқ қанатты актерлердің өнер ордасы](/img/articles/cbee92a15c1f511a3726577c4393f19c.jpg)
![Елордада Жамбыл Жабаев туралы көркем фильмнің тұсауы кесілді](/img/articles/0db8363d8e9bdcac8a379af5e9609cfa.jpg)
![Колумбияның беделді радиосында Димашқа арналған бағдарлама шықты](/img/articles/7b6967f092121630a0c189e10a1dcc26.jpg)
![Астанада «Тұлғалар – ғажап жандар» кітабының тұсаукесері өтті](/img/articles/527b037c7411ee556a3c39a39e2ebe1b.jpg)
![Алтынбек Нұхұлы: Қаныш қазақтың ғылымынан бөлек руханиятына да ерекше үлес қосқан тұлға](/img/articles/2396b2dbc49a5722910387452bab0466.jpg)
![Хорватиялық балалар Қазақстан туралы деректермен танысты](/img/articles/1c009226bb8144c701a68ad8592ba8b8.jpg)
![16 наурыз - Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні](/img/articles/uploads/nauryznama_fad85260f3.webp)
![Олжас Құрманбек: Қобызды бүкіл әлемге дәріптегім келеді](/img/articles/64a7a39f1aaa4b27a87b929f2e447556.jpg)
![«Дәстүр» фильмі: Қоғам пікірі неге екіге жарылды?](/img/articles/uploads/fil_ff541376e5.jpg)
![Димаш Шанхай опера театрының сахнасында өнер көрсетті](/img/articles/fc0fde4c6d49e2c30c26705afb68dd14.jpg)
![Елордада «Бейбарыс» операсының премьерасы қойылды](/img/articles/uploads/gl_8790f036fa.jpg)