00:00
Астана -10oC
USD:
471.83
EUR:
505.66
RUB:
5.4
Поиск

«Мұқағали» фильмінің халықаралық премьерасы Таллинде өтеді

24.02.2023 | 16:50
Елорда ақпарат
84

«А» санатындағы «Күңгірт түндер» кинофестивалі 1997 жылдан бері өткізіліп келеді. Бұл Балтық жағалауындағы ең үлкен фестиваль және Шығыс Еуропадағы ең ірі кино көрсетілімдердің бірі. Фестивальді ұйымдастырушылардың айтуынша, биыл «PÖFF»-тің негізгі конкурстық бағдарламасына барлығы 19 фильм енгізілген. Олардың арасында қазірдің өзінде марапатталған фильмдер мен көптеген дүниежүзілік және халықаралық премьералар бар.

«Біз фестивальдің 25 жылдық мерейтойына таңдалған фильмдерді мақтан тұтамыз, олар таң қалдырады, әрі өзіңе жаңа нәрсені ашуға мүмкіндік береді және жүректің түбіне дейін бойлайды», - деді, PÖFF директоры Тийна Локк.

Айта кетерлігі, фестивальдің басты байқауында қазақстандық режиссер Әділхан Ержановтың «Ұжымдық иммунитет» фильмі де бас жүлдеге таласады. Сонымен қатар, «Жастар фильмі» байқау бағдарламасында режиссер Фархат Шәріповтің «18 килогерц» фильмі бар.

Все новости