00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Бишімбаев алқабилерді сатып алуы мүмкін бе?

13.03.2024 | 10:59
61
фото: Астана қаласы ауданаралық сотының баспасөз қызметі

Алқабилерге пара беріп, шешімді әділетсіз шығаруы мүмкін деген алаңдаушылықты Әсет Шыңдалиев сейілтуге тырысты.

Бишімбаевқа қатысты сот объективті болады. Бейтарап. Сот ашық өтіп жатыр. Барлығы объективті болады, – деді бас прокурордың орынбасары мәжіліс сыртында.

Әсет Шыңдалиев алқабилердің объективтігіне кім кепілдік бере алатынын түсіндірді.

Алқабилердің көздегені болса, ол үшін жауапкершілік бар. Мұндай фактілер анықталса, алқабилерді таратуға мүмкіндік бар, – деп атап өтті ол.

Оның айтуынша, Қуандық Бишімбаевты ешкім қорғап жатқан жоқ. 

Сонымен қатар ол журналистердің Бишімбаевқа қатысты сот процесінде сот залына кіргізілмегеніне қатысты түсініктеме берді.

Соттағы тәртіпті қамтамасыз ету керек, өйткені бұл "ток-шоу немесе телешоу емес, – деді ол.

Барлық жаңалықтар