00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Қазақстандықтар Ресей елшілігі алдына  гүлшоқтарын қойып жатыр

24.03.2024 | 14:11
90
Фото: Қалиақпар Үсемханұлы

Елорда тұрғындары мен қонақтары екінші күні Астанадағы Ресей елшілігіне гүлдер, майшамдар мен балалар ойыншықтарын әкеліп қаралы қазаға ортақ екендігін білдіруде деп хабарлады Elorda.info.

Қазақстандықтар Мәскеудегі Crocus City Hall-да болған терактіде қаза тапқандарды аза тұтуда.

Солардың бірі елорда тұрғыны Максим бұл күндері адамдардың қорғансыз азаматтарға қарсы қару қолданып жатқанына барынша ашуланып тұрғанын  айтты.

 «Мәскеуде көп туыстарым тұрады. Бақытымызға орай, сол қорқынышты күні олардың ешқайсысы зардап шекпеді, бірақ олар да сонда болуы мүмкін еді. Біз өлгендерді жоқтаймыз. Қазір бізге бейбітшілік қажет екенін бұрынғыдан да жақсы түсініп тұрмыз», - дейді  қала тұрғыны.

Астаналық Татьяна Ахмедова жантүршігердік оқиғаны естігелі бері жан дүниесінде адам төзгісіз ауырлық барын жеткізді.

«Мен үшін өте қиын, өйткені мен ертең не болатынын білмеймін. Бізге тек жақсылық пен сүйіспеншілік себу керек. Адамдарды ұлтқа бөлуге болмайтынын, Алла Тағаланың алдында бәрі бірдей екенін түсіну керек. Сонда ғана үлкен ортақ шаңырақ астында бақытты өмір сүреміз», - деп ойымен бөлісті бойжеткен.

  Әзербайжан диаспорасының өкілі Мұхтар Рызаев болған оқиғаны тек ресейліктердің ғана қайғысы деп қабылдамау керектігін айтады. 

«Көптеген жазықсыз адамдар қаза тапқандықтан, біз адам төзгісіз қайғыны жан дүниемізбен сезініп тұрмыз. Біз бауырлас халыққа шын жүректен жанашырмыз. Қаза болғандардың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтамыз және мұндай сұмдық қайғылы оқиғалар енді қайталанбасын деп сенеміз», - деді этно-мәдени бірлестік өкілі.

Естеріңізге сала кетейік, сенбі күні  Crocus City Hall концерт залында теракт болған еді. Пикник тобының концертіне келгендерге белгісіз біреулер оқ жаудырған. Қайтыс болғандар саны 133 адамға жетті. Бүгін Ресейде қаза болғандарды еске алу үшін ұлттық аза тұту күні басталды.

Қазақстандықтар Ресей елшілігі алдына  гүлшоқтарын қойып жатыр

Елорда тұрғындары мен қонақтары екінші күні Астанадағы Ресей елшілігіне гүлдер, майшамдар мен балалар ойыншықтарын әкеліп қаралы қазаға ортақ екендігін білдіруде деп хабарлады Elorda.info.

Қазақстандықтар Мәскеудегі Crocus City Hall-да болған терактіде қаза тапқандарды аза тұтуда.

Елорда тұрғыны Максим бұл күндері адамдардың қорғансыз азаматтарға қарсы қару қолданып жатқанына барынша ашуланып тұрғанын  айтты.

 «Мәскеуде көп туыстарым тұрады. Бақытымызға орай, сол қорқынышты күні олардың ешқайсысы зардап шекпеді, бірақ олар да сонда болуы мүмкін еді. Біз өлгендерді жоқтаймыз. Қазір бізге бейбітшілік қажет екенін бұрынғыдан да жақсы түсініп тұрмыз», - дейді  қала тұрғыны.

Астаналық Татьяна Ахмедова жантүршігердік оқиғаны естігелі бері жан дүниесінде адам төзгісіз ауырлық барын жеткізді.

«Мен үшін өте қиын, өйткені мен ертең не болатынын білмеймін. Бізге тек жақсылық пен сүйіспеншілік себу керек. Адамдарды ұлтқа бөлуге болмайтынын, Алла Тағаланың алдында бәрі бірдей екенін түсіну керек. Сонда ғана үлкен ортақ шаңырақ астында бақытты өмір сүреміз», - деп ойымен бөлісті бойжеткен.

  Әзербайжан диаспорасының өкілі Мұхтар Рызаев болған оқиғаны тек ресейліктердің ғана қайғысы деп қабылдамау керектігін айтады. 

«Көптеген жазықсыз адамдар қаза тапқандықтан, біз адам төзгісіз қайғыны жан дүниемізбен сезініп тұрмыз. Біз бауырлас халыққа шын жүректен жанашырмыз. Қаза болғандардың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтамыз және мұндай сұмдық қайғылы оқиғалар енді қайталанбасын деп сенеміз», - деді этно-мәдени бірлестік өкілі.

Естеріңізге сала кетейік, сенбі күні  Crocus City Hall концерт залында теракт болған еді. Пикник тобының концертіне келгендерге белгісіз біреулер оқ жаудырған. Қайтыс болғандар саны 133 адамға жетті. Бүгін Ресейде қаза болғандарды еске алу үшін ұлттық аза тұту күні басталды.

Барлық жаңалықтар