00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Алматы облысында жантүршігерлік жол апатынан 4 адам көз жұмды

24.03.2024 | 11:56
76

Оқиға «Алматы-Астана» тас жолының 35-ші шақырымында жеңіл көлік пен жүк көлігінің соқтығысуы салдарынан болған, деп  хабарлады Elorda.info 

Қайғылы жағдайды Алматы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

"23 наурыз күні  «Алматы-Астана» тас жолының 35-ші шақырымында ауыр салмақты DAF көлігі мен Daewoo жеңіл көлігінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы орын алды. Жол апаты салдарынан үш адам оқиға орнында көз жұмды. Сондай-ақ екі зардап шегуші жақын маңдағы ауруханаға жатқызылды, олардың бірі есін жимастан қайтыс болды" - делінген  Полиция департаменті таратқан ақпаратта.

Қазіргі уақытта жол-көлік оқиғасына қатысты сараптама тағайындалып, барлық қажетті тергеу әрекеттері басталды.

Барлық жаңалықтар