00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Ақтөбеде балалардың еміне жиналған қаржыны иемденіп кеткен күдікті ұсталды

17.04.2024 | 17:40
67
Ақтөбеде балалардың еміне жиналған қаржыны иемденіп кеткен күдікті ұсталды
Фото: Дереккөз

Полицияға Ақтөбе қаласының бірнеше тұрғыны “More life” қорының өкілдеріне қатысты арызданды, деп хабарлады Elorda.info 

Жәбірленушілердің айтуынша, қор директоры емделуге қаражат жинауға көмек көрсетемін деген сылтаумен ақшаны заңсыз иемденген.

Қылмыстық іс бойынша алты жәбірленуші бар. Ол азаматтардан жиналған қаржы 30 млн теңгеден асты.  2023 жылы қор мен емделуге мұқтаж баланың ата-анасы арасында келісім жасалған. Қажетті соманы жинағаннан кейін қор ата-ананы баласымен бірге емдеуге Беларусь Республикасының Минск қаласына ақшасыз жіберген. Қор әртүрлі сылтаулармен ақша аударымын жібермеген. Салдарынан бала тиісті ем қабылдамаған, ал ата-анасы бөтен елде көмексіз қалған. Алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды,- деп хабарлады дереккөз.

Полиция департаменті аталған қордың әрекетінен зардап шеккендердің барлығын дереу полицияға хабарласуды сұрайды

Барлық жаңалықтар