00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Елордада жатақханадан өрт шықты

Жатақхана
фото: ТЖМ

Астанада Байқоңыр ауданының Жетісай көшесінде орналасқан бір қабатты жатақханада өрт шықты, деп хабарлады Elorda.info ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өрт болған нысанда электр қуаты сөндірілді. 12 бөлмесі бар жатақхананың тұрғындары өздігінен эвакуацияланды.

Өрт орнында 26 құтқарушы мен 7 бірлік техника жұмыс істеді. Оқиға орнына тұрғындарды жылытуға арналған автобус жіберілді.

Өрт сөндірушілер жатақханадан 15 газ баллонын шығарды. Зардап шеккендер жоқ. Өрт 22:38-де оқшауланып, 01:01-де жойылды. Өрттің алаңы 160 шаршы метрді құрады, - делінген хабарламада.

Барлық жаңалықтар