00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Қарағандыда жеңіл көлік пен пойыз соқтығысып, екі адам қаза тапты

21.01.2024 | 14:00
57
Фото: видеодан скрин

Апат салдарынан екі адам қайтыс болды, тағы үшеуі ауруханаға жеткізілді.

Апат бүгін, 21 қаңтарда таңертең болды.

31 жастағы «Лада Приора» автокөлігінің жүргізушісі Саран тасжолымен Костенко шахтасы жағынан «Тойота орталығына» қарай келе жатып, реттелетін теміржол өткелінде жабық шлагбаумды айналып өтіп, тепловоз жүріп бара жатқан теміржол өткеліне шығып кеткен. Апат салдарынан автокөліктің екі жолаушысы оқиға орнында қайтыс болды. Автокөліктің жүргізушісі және тағы үш жолаушы медициналық мекемеге жеткізілді, - деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.

Аталмыш іс бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тепловоздан бейнебақылау камераларының жазбалары алынды. Тиісті сараптамалар тағайындалды.

Барлық жаңалықтар