00:00
Астана -10oC
USD:
443.72
EUR:
482.28
RUB:
4.9
Іздеу

Зухра Ирназарова нысана көздеуден әлем чемпионы атанды

28.08.2023 | 05:30
42

Қазақстандық мерген Зухра Ирназарова әлем чемпионы атанды, деп хабарлады Elorda.info.

Әйелдер арасында 10 метрден жылжымалы нысана көздеудің финалында екі қазақ қызы өнер көрсетіп, Зухра Ирназарова мен Александра Сәдуақасова алтын жүлдені сарапқа салды. Тартысты өткен бәсекеде Зухра Ирназарова 6:3 есебімен басым түсіп, әлем чемпионы атанды.

Қазір ел қоржынында 1 алтын, 1 күміс пен 1 қола медаль бар.

Айта кетейік, бұған дейін Мария Дмитриенко мен Даниил Почивалов стенд атудан трап бағдарламасында қола жүлде еншілеген болатын.

Барлық жаңалықтар