00:00
Астана -10oC
USD:
443.72
EUR:
482.28
RUB:
4.9
Іздеу

Азия ойындары: Ел қоржынына тағы 2 алтын түсті

05.10.2023 | 09:00
46
Фото: Нұрғали Жұмағазы

Бүгін велошабандоз Евгений Федоров пен Джиу-джитсудан 21 жастағы спортшымыз Нұржан Батырбеков Ханчжоуда өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында Ұлттық құрама қоржынына қос алтын салды, деп хабарлады Elorda info. 

Топтық жарыста ұлттық құраманың қос велошабандозы Евгений Федоров пен Алексей Луценко  суырылып алға шығып, мәреге бірге жетті. Жарыс шартына сәйкес екінші спортшымызға күміс медал бұйырды. Екеуі де 210 шақырымды 4:25:29 секундта бағындырды. Қола жүлде моңғолиялық Жамбалцамтс Саибайярдың еншісіне кетті.

Осы додада тағы бір жерлесіміз Нұржан Батырбеков Джиу-джитсудан  Азия ойындарының чемпионы атанып, ел қоржынына жетінші алтынды салды. 

69 кг дейінгі салмақта осыған дейінгі әлем чемпионатының қола жүлдегері Нұржан Батырбеков финалдық бәсекеде Мұхаммед әл Суваидиден (БАӘ) соңғы секундта жеңісті жұлып әкетті. Есеп 4-2. Бұл Қазақстан делегациясының осы ойындардағы жетінші алтын жүлдесі.

Отандасымыз жарыс жолында әлем чемпионатының күміс жүлдегері Чо Сон-хённан (Оңтүстік Корея) басым түсті. Оған дейін не-ваза жүйесіндегі айқастарда қазақ спортшысы Рамшед Абдуллоев (Тәжікстан) пен Хаммам Осама Кандилді (Сауд Арабиясы) айқын басымдықпен жеңген.

Осы салмақтағы тағы бір ұлттық құрама өкілі Алдияр Серік сингапурлық балуан Ноа Лимді жеңіп, қола жүлдеге ие болды.

Қанат БАЙҰЗАҚОВ

Барлық жаңалықтар