00:00
Астана -10oC
USD:
441.8
EUR:
480.02
RUB:
4.88
Іздеу

Елордада Республика күніне арналған концерт өтті

23.10.2023 | 06:30
60

Бейбітшілік және келісім сарайында «Республика – ел тұғыры» атты мерекелік концерт өтті, деп хабарлады Elorda.info.

Республика күніне арналған іс-шара қазақ халқының салт-дәстүрін, әндерін, музыкалық аспаптарын дәріптеу мақсатында ұйымдастырылды.

Республика күні – көпұлтты халықтың бірлігінің, әрқайсымыздың туған жерімізге деген шынайы сүйіспеншілігіміздің белгісі.

Біздің міндетіміз – тәуелсіздігіміздің негізі болып саналатын айтулы мерекені атап өту. Бүгінгі концерт халық арасында Республика күнінің мәртебесін арттырып, мерекенің тарихи маңыздылығын көрсетеді деп санаймын, - деді Алматы ауданының әкімі Мақсат Саматұлы.

Іс-шараға елордалық шығармашылық ұжымдар қатысты. Олардың арасында «Самға» ансамблі мен «Алтын домбыра» аспаптық ансамблі бар.

Барлық жаңалықтар