00:00
Астана -10oC
USD:
474.83
EUR:
515.38
RUB:
5.5
Іздеу

Астаналық полицейлер жұмыс берушінің әшекейлерін ұрлаған әйелді ұстады

21.05.2024 | 18:51
164
Астаналық полицейлер жұмыс берушінің әшекейлерін ұрлаған үй қызметшісін ұстады
фото: ашық дереккөзден

Астана қаласының тұрғыны жалпы құны 1 миллион теңге болатын алтын бұйымдарының жоғалуына байланысты полицияға арызданған. Жедел шаралар жүргізген тәртіп сақшылары ұрыны қолға түсірді, деп хабарлады Elorda.info.

Арызданушының айтуынша, жарнамалық сайттардың бірінде жарияланған хабарлама арқылы 28 жастағы әйелді үй шаруасына көмектесу үшін жұмысқа қабылдаған. Небәрі екі күн жұмыс істеген әйел үй иесінің жалпы құны 1 млн теңге болатын үш алтын сақина, екі жұп алтын сырға және алтын шынжырын алып кеткен. Ұрланған заттарды ломбардқа тапсырып, түскен ақшаны қалауынша жұмсағаны анықталды.

Алматы аудандық ПБ қызметкерлері жедел іздестіру шаралары барысында күдіктіні қолға түсірді.

«Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Әйел ұрлық жасағанын мойындады, оның бұрын елордада жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде», - деді Астана қаласы Полиция департаменті.

Барлық жаңалықтар