00:00
Астана -10oC
USD:
475.39
EUR:
513.37
RUB:
5.4
Іздеу

Астанада «Ақжайық» гүлзары жаңартылды

21.05.2024 | 08:56
147
Астанада «Ақжайық» гүлзары жаңартылды
Фото: дереккөз

Жеңіс және Бөгенбай батыр даңғылдарының қиылысында орналасқан «Ақжайық» гүлзарын қайта жаңарту жұмысы аяқталды. 1 005 шаршы метрден астам аумақ заманауи жайлылық пен қауіпсіздік стандарттарын ескере отырып жөндеуден өтті, деп хабарлады Elorda.info.

Мұнда спорттық тренажерлер жабдықталды, баскетбол алаңы, жүгіру жолы, шағын сәулет нысандары, тартан жабыны және т.б. жаңартылды.

Сондай-ақ, алаңда субұрқақ, сурет салуға арналған мольберттер, түрлі жастағы балаларға арналған ойын алаңдары бар.

Айта кетейік, биыл Астанада 170 қоғамдық және аула кеңістігі абаттандырылады. Бұл жұмыспен қаланың барлық аудандары қамтылады. Сонымен қатар, жөндеу-қалпына келтіру жұмысы да жүргізілуде. Абаттандыру кезінде қаланы көгалдандыруға ерекше назар аударылады.

Барлық жаңалықтар