00:00
Астана -10oC
USD:
474.83
EUR:
515.38
RUB:
5.5
Іздеу

Астаналық оқушы 5 жасар баланы аман алып қалды

21.05.2024 | 20:27
277
Астаналық оқушы 5 жасар баланы аман алып қалды
фото: видеодан скриншот

Елордалық тұрғын үй кешендерінің бірінде № 31 мектеп-гимназиясының 7 «Д» сынып оқушысы Ақан Әкімжанов қайғылы жағдайдың алдын алды, деп хабарлады Elorda.info қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

20 мамыр күні Ақан аулада ойнап жүргенде 4-ші қабатта балконда ілулі тұрған баланы байқап қалған.

Ақан уақыт оздырмай бірден қимылдап, балконда ілініп тұрған 5 жасар баланы құтқарып қалды.

Ақан Әкімжанов - көпбалалы отбасынан шыққан. Ол өзінің осынау әрекетін кішкентай баланы көргенде ойланбастан жасағанын әрі өзінің де іні-қарындастарының бар екендігімен түсіндірді.

Барлық жаңалықтар