00:00
Астана -10oC
USD:
475.18
EUR:
510.72
RUB:
5.47
Іздеу

Жоғарғы Сот судьясы Елена Максюта астаналық журналистермен кездесті

20.05.2024 | 17:21
214
Жоғарғы Сот судьясы Елена Максюта астаналық журналистермен кездесті
Фото: Elorda.info

Астанада Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы Елена Максюта мен Elorda Aqparat медиахолдингі журналистерінің қатысуымен кездесу өтті, деп хабарлады Elorda.info.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы Елена Максютамен кездесуге «Вечерняя Астана», «Астана ақшамы» газеттері мен Elorda.info интернет-басылымының журналистері жиналды.

Кездесуде журналистер сот жүйесі мен сот өндірісі туралы мәліметтер алды. Елена Максюта сот жүйесіндегі өзгерістер, кейбір процессуалдық аспектілер және судья ретіндегі жеке тәжірибесі туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

Сондай-ақ іс-шара барысында сот жүйесінің ашықтығы мен қолжетімділігі мәселелері, соның ішінде сот залдарынан көрсетілетін тікелей трансляциялар туралы айтылды.

Адамдар соттың белгілі бір алгоритм мен ережелер бойынша жұмыс істейтінін түсінуі үшін ашық өтеді. Бұл  азаматтардың соттың қалай өтіп жатқанын түсінуі үшін маңызды шара.   Жоғарғы Сотта ашық сот процесі тұрақты түрде өткізілетінін атап өткім келеді, оған кез келген адам келе алады, - деді судья Елена Максюта.

Кездесуде журналистер судьядан өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, баяндамашыдан толық жауаптар алды.

Барлық жаңалықтар