00:00
Астана -10oC
USD:
439.4
EUR:
473.54
RUB:
4.76
Іздеу

Елордалық белсенді зейнеткерлер веломаусымның ашылуына қатысты

28.04.2024 | 15:40
240
 Елордалық белсенді зейнеткерлер веломаусымның ашылуына қатысты
Фото: автордан

Бүгін Velotop Astana велосипедшілер қауымдастығының бастамасымен «Веломаусым-2024»  маусымының ашылуы өтті, деп хабарлады Elorda.info

Маусымның ашылуына велосипедші жастармен бірге қала зейнеткерлері де атсалысып, Орталық саябаққа жиналды. Велосипед тебуге ниет білдірген аға буын өкілдеріне Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының Байқоңыр ауданындағы инструктор-волонтері Сергей Зимин жетекшілік етті. Іс-шараға қатысушылар қала көшелеріндегі арнайы белгіленген веложолақтар арқылы Орталық саябақ пен Жетісу саябағының аралығын жүріп өтті.    

    

 Бүгін маусымның ашуына 25 зейнеткер келді.Біздің орталық велосипедшілер қауымдастығымен тығыз байланыста жұмыс істейді. Қауымдастықтың жетекшісі Юрий Безбородовый жыл сайын зейнеткерлерімізді маусымның ашылу, жабылу салтанатына, таңғы серуенге шақырып тұрады. Биыл үшінші жыл қатарынан қатысып тұрмыз. Арамыздағы ең жасы үлкен велосипедшіміз - 73 жастағы  Керімбай Котырев ақсақал.» - деп атап өтті Байқоңыр ауданы бойынша БҰӨСО-ның басшысы Роза Байсалбаева.

Веломаусымның ашылуына 60-тан астам велосипедші қатысып, олар жалпы 25 шақырымдық жолды жүріп өтті.

Меруерт Қайыртасқызы

Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының бөлім басшысы

 

Барлық жаңалықтар