00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Астанада 500-ден астам мәдениет қызметкері қошқар мүйіз оюын бейнеледі

18.03.2024 | 07:51
282

«Атамекен» Қазақстан картасы» этно-мемориалдық кешенінің алдында өткен шараға 500-ден астам мәдениет қызметкері қатысты. Олар Қадыр Мырза Әлидің сөзіне жазылған «МузАрт» тобы орындайтын «Өз елім» әніне алдымен би билеп, соңында қошқар мүйіз оюын бір мезетте барлығы бірге бейнеледі.  

WhatsApp Image 2024-03-18 at 12.18.55.jpeg

Ұлттық акцияның басы-қасында жүрген Астана қаласы Мәдениет басқармасының басшысы Жаңабай Мейірманқұловтың сөзінше, сала өкілдерінің дайындығына көп уақыт кетпеген. 

Қазақтың ұлттық киімі – қазақ мәдениетінің маңызды және ажырамас атрибуты екені белгілі. Бүгінгі шара ұлттық құндылықты насихаттау, халықтың мәдениетке деген сүйіспеншілік сезімін ояту және отансүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында өтіп жатыр. Алдымен қатысушылар қазақша билеп, ең соңында барлығы қошқар мүйізді бейнелегенін көрдіңіздіер. Дайындық барысында қатысушылардың барлығы өнер саласында жүрген адамдар болғандықтан ешқандай қиындық болмады. Бұған дейін әркім өз мекемесінде дайындалса, соңғы 3 күнде барлығымыз бірге дайындық өткіздік. Бұл жерде 25 жылдық тарихы бар «Наз» мемлекеттік би театры, қаламыздағы алты театр, филармония қызметкерлері және басқа да мәдениет мекемелерінің өкілдері қатысып жатыр, - дейді Жаңабай Мейірманқұлов.

WhatsApp Image 2024-03-18 at 12.18.54 (1).jpeg

Флешмоб барасында қошқар мүйізді әдемі жасауға «Наз» мемлекеттік би театрының өнерпаздары  да атсалысқан. 

WhatsApp Image 2024-03-18 at 12.18.54 (2).jpeg

Биыл елімізде наурыз ерекше тойланып жатыр. Бүгін Ұлттық киім күніне орай жиналып, өзіміздің көздің жауын алатын әдемі ұлттық киімімізді көрсетіп жатырмыз. Қарап тұрсаңыз, мұнда ұлттық киімнің жазғы және қысқы түрлері де бар. Осылайша ұлттық киімдерімізді дәріптеп, өсіп келе жатқан жастарға мұра етіп келе жатырмыз. Бүгін флешмоб кезінде бүкіл халық білетін, киізге де киімге де түсетін қошқар мүйізді жасап шығардық, - дейді би ансамбльінің өкілдері.   

WhatsApp Image 2024-03-18 at 12.18.57.jpeg

Барлық жаңалықтар