Елордада ІТ мамандар арасында сайыс өтті
![](/img/watch-gray.png)
![Елордада ІТ мамандар арасында сайыс өтті](/img/articles/ee6ed2d929796d1dd44fe4e818c30d2a.jpg)
Астанада IT университеті оқу ордасының 5 жылдығына орай «FR13NDS AITU CTF 2024: Ақпараттық қауіпсіздік және этикалық хакерлер» жарысын өткізді, деп хабарлады Elorda.info.
Ақпараттық қауіпсіздік, кибершабуыл және оған қарсы іс-әрекетті жетілдіру, ІТ мамандар біліктілігін арттыру мақсатында ұйымдастырылған іс-шараға еліміздің әр өңірінен 411 адам (126 команда) қатысты. Олардың қатарында: ҚБТУ, ҚазҰУ және ХАТУ секілді бірқатар іргелі жоғары оқу орындарының командалары мен «KazTransGlobal» ЖШС, ICV Central Asia, Freedom Holding, «GTS» АҚ, «Халық банкі» АҚ, т.б. жетекші компания өкілдері бар. 26-27 сәуірде өткен іріктеуден жоғары балл жинаған 10 команда финалдық ойында қайта кездесті.
Іс-шараны Астана ІТ университетінің Академиялық және тәрбие жұмысы жөніндегі проректоры Болатжан Құмалақов ашып, қатысушы командаларға сәттілік тіледі.
Ақпараттық қауіпсіздіктің маңызына жеке адамнан бастап, мемлекеттік деңгейде де аса жауапкершілікпен, сақтықпен қарайды. Ақпараттық қоғамда дәл қазір және бұдан кейін де жоғары сұраныста болатын саланың қыр-сырын білген Сіздер – нағыз мамансыздар. Бұл – Сіздердің кәсібиліктеріңізді шыңдайтын сайыс. Ізденістеріңіз, талпыныстарыңыз тоқтамасын. Баршаңызға сәттілік тілеймін! - деді ол.
Финалда «Scimus_verum», «Fsociety», «Mimicats», «Kbtu_ctf_enjoyers», «C1cada», «THREAT», «KTG», «R1p3rs», «ISV Central Asia», «Sudo cat» құрамалары «FR13NDS TEAM» және Astana IT университеті әзірлеген тапсырмаларды жылдамдыққа орындап, біліктіліктерін байқады.
Нәтижесінде «Scimus_verum» командасы жеңімпаз атанып, қаржылай 350 мың теңге сертификатын иемденді. Жүлделі ІІ, ІІІ орындарды «Fsociety» және «Mimicats» құрамалары өзара бөлісіп, сәйкесінше 250-150 мың теңге сертификтын місе тұтты.
Іс-шара барысында студенттер мен қонақтарға «Мемлекеттік техникалық қызмет» АҚ Ақпараттық қауіпсіздіктің ұлттық үйлестіру орталығының бас сарапшысы Әбілқайыр Иманбердиев, «Spectre Security Group» ЖШС-ның атқарушы директоры Медет Тұрсын мен SOC «QazSoc» компаниясының жетекшісі Виталий Назеренко ақпараттық қауіпсіздік, мәліметтерді сақтау мен кибершабуылдың алдын алу және шабуыл жасалған сәттегі әрекет турасында тәжірибелерімен бөлісті.
![](/img/articles/a26147b7cd1e5639a152e2b5a6a96072.jpg)
![](/img/articles/f40e715f4b4966b9436826c112fe8948.jpeg)
![](/img/articles/475b87a51e1d49eac0325fb08e419fc8.jpg)
![](/img/articles/4dc92b4236dca1508df22f4433afa2c4.jpg)
![CTS автобус жолаушыларына маңызды мәлімдеме жасады](/img/articles/a26147b7cd1e5639a152e2b5a6a96072.jpg)
![Елордалық құтқарушылар Есіл өзенінде рейд өткізді](/img/articles/f40e715f4b4966b9436826c112fe8948.jpeg)
![Астаналықтар Олимпиаданың ашылуын ашық аспан астында тамашалай алады](/img/articles/475b87a51e1d49eac0325fb08e419fc8.jpg)
![Астанада жастарға арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті](/img/articles/4dc92b4236dca1508df22f4433afa2c4.jpg)
![Астанада отбасын қолдау орталықтарының жаңа жұмыс тәсілдері талқыланды](/img/articles/10cc3dbfef420bb46838d48facca8688.jpg)
![Елорда прокуратурасы мемлекетке 55 жер телімдерін қайтарды](/img/articles/1abf1cbd5b009de4c8c1a223dd5c6a0f.jpg)
![«Таза Қазақстан»: AMANAT партиясы елорда маңында бейсенбілік өткізді](/img/articles/0198d5d0b3564b6e2f5efe4e13ffccc4.jpg)
![Астанада өтетін ауыл шаруашылығы жәрмеңкесінің орны ауысады](/img/articles/c2770e1896adebd4ca1c5d140a1ef930.jpeg)
![Астана дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қалай безендіріледі](/img/articles/27c094b59af2af68b0afe028b28ee1fe.jpeg)
![«Зорлық-зомбылықсыз отбасы»: Елордада көшбасшы әйелдердің кездесуі өтті](/img/articles/7e174858182c1b1082025f4d2e2ea0f9.jpeg)
![Елорда іргесіндегі Көктал қалай дамып жатыр?](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2023_10_09_at_18_05_18_kopiya_1e2396a307.jpeg)
![Астанада 1 маусым – Балаларды қорғау күні қандай іс-шаралар өтеді?](/img/articles/uploads/balalarr_305fdbed74.jpg)
![Астанада мектеп жанындағы жазғы лагерьлер жұмысын бастады](/img/articles/e6f9729929141c1f91e52a0e66f63d04.jpeg)
![Елорда мектептері жаңа оқу жылына дайын](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2023_08_29_at_12_17_26_7e03ee38ca.jpeg)
![«JASYL EL» еңбек жасақтарына қосылуға өтінім қабылдау басталады](/img/articles/uploads/627f2ec888e48374562518_47d31e1773.jpeg)
![Астанадағы мектепке Рақымжан Қошқарбаевтың есімі берілді](/img/articles/74110ea15444c213ba0b4d266d0720fa.jpg)
![Адал еңбек нәтижеге жеткізеді – полиция майоры](/img/articles/8bb68eeea52450bef148a63e3365bee4.jpg)
![Астанада жолақысы қашан өзгеретіні белгілі болды](/img/articles/67fdb0accfe7db8cb69915448336d432.jpg)
![Астанада 500-ден астам мәдениет қызметкері қошқар мүйіз оюын бейнеледі](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2024_03_18_at_12_18_54_ec361d6ad8.jpeg)