00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

Елордада жыл басынан бері жолақы төлемеген 900 азаматқа айыппұл салынды

25.01.2024 | 09:30
48
фото: egemen.kz

Бұл туралы «City Transportation Systems» ЖШС көліктік бақылау департаменті директорының орынбасары Райымбек Қайролла Elorda.info тілшісімен сұхбат барысында мәлімдеді.

Соңғы жылдардағы статистикалық деректерге сүйенсек, жолақы төлемейтін жолаушылар саны азаймай тұр. Көлік бақылау департаментінің қызметкерлері 2020 жылы жолақы төлемеудің 207 545 дерегін тіркеп, 3 мыңға жуық азаматқа 16 323 740 теңгеге айыппұл салды. Ал 2021 жылы 222 мың адам автобуспен «тегін» жүрген. Ол жылы жауапсыз жолаушыларға 57 млн теңгеге айыппұл салынды. 2022 жылы 125 мың жолақы төлемеу дерегі тіркеліп, 19 мың азаматқа 116 млн теңге  көлемінде айыппұл салынды. 2023 жылы қоғамдық көлікте жол ақысын төлеуден жалтаруға қатысты 202 899  құқық бұзушылық анықталып, жолаушыларға 70 766 400 теңге мөлшерінде айыппұл салынды. Осы орайда  QR-ды бұғаттау тәсілі өз нәтижесін беріп жатыр деп айта аламыз. Мәселен осы жылдың 1-17 қаңтар аралығында 902 жолаушы анықталып, оларға 7 млн-ға жуық айыппұл салынды,- деді Райымбек Қайролла.

Оқи отырыңыз: Елордада қоғамдық көліктегі «қояндар» мәселесі қалай шешіледі?

Барлық жаңалықтар