00:00
Астана -10oC
USD:
441.58
EUR:
480
RUB:
4.86
Іздеу

Өткен жылы iKOMEK орталығына 2 миллионнан астам өтініш түсті

02.05.2024 | 16:31
93
Өткен жылы iKOMEK109 орталығына 2 млн астам өтініш түсті
фото: Elorda.info.

Бұл туралы қала әкімі Жеңіс Қасымбектің Алматы ауданының тұрғындарына есеп беру кездесуінде айтылды, деп хабарлады Elorda.info.

Кездесуге келген қала тұрғындарының бірі жанар-жағармай құю станциялары маңындағы автожолдарға бензин төгілуіне қатысты қайда шағымдануға болатынын сұрады.

Бізде iKOMEK109 бірыңғай байланыс орталығы бар. Өткен жылы бұл қызметке 2 млн-нан астам шағымдар мен өтініштер келіп түскен. Олардың барлығы бойынша жұмыстар атқарылды. iKOMEK109 өте маңызды қызмет. Сондықтан мекенжайды көрсетсеңіз мәселені аудан әкімі назарға алады, - деп жауап берді Жеңіс Қасымбек.

Барлық жаңалықтар