00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Астанадағы аялдамалар мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін жабдықталады

11.10.2023 | 12:00
187
Фото: Оңалхан Өнерхан

Астана қаласы Нұра ауданындағы 20-дан астам жылы аялдама кешенінде қозғалысы шектеулі азаматтар үшін қолайлы жағдай жасалынады, деп хабарлады Elorda.info.

Павильондарға пандустар орнатылып, кіреберістері кедергісіз болып, ал тұтқалары қажетті деңгейге түсіріледі.

Нұра ауданының әкімі Жүсіп Жұмағұлов мердігер ұйымдарға аялдамаларды жөндеп, барлық жолаушылар үшін жайлы етуді тапсырды. Сондай-ақ, әкім павильондардың жай-күйін және қысқа дайындығын тексерді.

Ауданда барлығы 30 жабық аялдама орнатылған. Олардың 8-ін инвесторлар өз есебінен күтіп ұстауда. Коммуналдық қызметтер аялдамаларды екі күнде бір рет жуады.

Сондай-ақ тұрғындардың өтінімдері негізінде жылы аялдама элементтерін жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары қысқа мерзімде жүргізілуде.

Барлық жаңалықтар