00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Астанада Сәтбаевтың 125 жылдығына орай конференция өтті

26.03.2024 | 12:00
Сабина Кәкімжан
203
Қаныш Сәтбаев
фото: ашық дереккөз

Бүгін Астанада Академик Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына арналған «Әлем таныған Қаныш» республикалық конференциясы өтті, деп хабарлады Elorda.info.

Қаныш Сәтбаев атындағы  «№61 мектеп-лицейінде» өткен іс-шараға Парламент Сенатының депутаты «Қаныш Сәтбаев халықаралық қоры» қоғамдық қорының қамқоршылық кеңесінің төрағасы Алтынбек Нухұлы, Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитетінің төрағасы Ербол Тілешов, Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының вице-президенті Руслан Қаратабанов, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі Аспандияр Әденұлы, «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы директордың ұйымдастыру қызметі жөніндегі орынбасары Нұрлан Жұмагелді, алаштанушы  Заңғар Кәрімхан қатысты.

Заңғар тұлға Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың 125 жылдық мерейтойына арналған бүгінгі іс-шара  - алғашқысы. Биыл ғалымның мерейтойына байланысты жиындар көптеп өтуі керек деп есептеймін.  Қаныш Сәтбаев қазақ елінің дамуы жолындағы үлкен өзгерістерді әкелді. Ол тек байлықтың, қазынаның көзін ашқан жоқ. Слнымен қатар, руханият саласында еткен еңбегі ұшан-теңіз. Ғалымның мұрасын насихаттаудан жалықпауымыз қажет, - деді Сенат депутаты Алтынбек Нухұлы.

Мұнда  келген қонақтар алдымен «Шаттық -2023»  XVI қалалық шығармашылық байқауының «Алтын медаль» иегері «Шабыт» оркестрінің «Сарыарқа», «Балбырауын», «Адай» күйлерін тыңдап, Академик Қаныш Сәтбаев мұражайын аралады.

Қаныш Сәтбаевтың атақ-даңқы кезінде әлемді жаңғыртты. Қазақтың біртуар перзентін әлем мойындады. Оны ұлықтау теу мерейтойымее байланысты болмау керек. Ол - әр уақытта тойланып отыратын тұлға. 20 ғасырдың басында Алаш арыстарянан кейін ұл мәдениетінің көш басшысы болған - Сәтбаев және ол бастаңан жұлдызды ғалымдар шоғыры. Ғалым мұрасы арқылы біз жас ұрпақты отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа, білімге құштарлыққа тәрбиелей аламыз.- деді Аспандияр Әденұлы.

Конференция мектеп оқушылары мен ұстаздарының қатысуымен «Қазақтың Қанышы» атты сахналық қойылымымен басталды.

Кейін конференция  өз жұмысын «Қазақстанның дамуындағы ұлы ғалымның рөліы», «Қаныш Сәтбаев мұрасы: тарих, әдебиет, білім, өнер саласы », және  «Қаныш және Алаш арыстары » атты үш секциялық отырыста жалғастырды.

Барлық жаңалықтар