00:00
Астана -10oC
USD:
439.4
EUR:
473.54
RUB:
4.76
Іздеу

Елордалық оқушылар Сенат жұмысымен танысты

31.03.2023 | 19:26
Елорда ақпарат
22

Елордалық мектептердің 9, 10 және 11 сынып оқушылары Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенатына экскурсия жасады. Сенатқа келген жас жеткіншектердің қатарында республикалық және халықаралық мектеп олимпиадаларының жеңімпаздары бар, деп хабарлады Elorda.info.

Экскурсияға қатысушылар сенаторлардың шетелдік әріптестерімен кездесулер өткізетін халықаралық кездесулер залын тамашалады және мұражаймен танысты. Оларға Қазақстан Республикасының қос палаталы кәсіби Парламентінің даму тарихы туралы жан-жақты мәлімет берілді.

Балаларға арналған экскурсияны Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы Нариман Төреғалиев және Сенат Төрағасының кеңесшісі Бибігүл Жексенбай өткізді.

Нариман Төреғалиев жас жеткіншектерге сенаторлардың жұмысы, еліміздің барлық тұрғындарының өмір сүруіне арналған заңдар Палатада қалай талқыланатыны және қабылданатыны туралы айтып берді. Сондай-ақ Сенатта жұмыс істейтін тұрақты алты комитеттің бағыт-бағдары түсіндірілді.

Нариман Төреғалиевтің айтуынша, Сенаттың маңызды міндеттерінің бірі – жастардың рухани-адамгершілік дамуына қолдау білдіру, ұлттық құндылықтарды сақтау және ілгерілету. Ол үшін Сенатта түрлі шаралар, оның ішінде парламенттік тыңдаулар өткізіліп келеді. Оның қорытындысы бойынша қоғамда, оның ішінде жастар арасында құндылықтардың дұрыс жүйесін қалыптастыруға бағытталған бірқатар ұсынымдар Үкіметке жіберілді.

Экскурсияға қатысушыларға естелік кәдесыйлар табыс етілді.

Барлық жаңалықтар