00:00
Астана -10oC
USD:
474.83
EUR:
515.38
RUB:
5.5
Іздеу

Аналар күні: елордалықтар флешмоб ұйымдастырды

12.05.2024 | 16:02
205
Аналар күні: астаналықтар флешмоб пен шығармашылық нөмірлер ұйымдастырды
Фото: дереккөз

Аналар күніне орай астаналық тұрғындар аулада мереке ұйымдастырды, деп хабарлады Elorda.info Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

«Мадрид» тұрғын үй кешенінің кішкентай тұрғындары аналарына арнап ерекше флешмоб пен шығармашылық нөмірлер ұйымдастырды. Өз кезегінде аналар балаларға сүйікті тағамдарынан дастархан жайды.

Ана болу өте керемет. Бір қолымен бесікті тербетсе, бір қолымен әлемді тербеткен –аналар. Ананың міндеті өте жоғарғы деңгейде еленеді. Барлық аналарды, әжелерді барлық елдерде тойланып жатқан аналар мерекесімен құттықтаймын! - деді көпбалалы ана, әже Баян Тайжанова.

Ұйымдастырушылар атап өткендей, іс-шараның мақсаты - қоғамдағы отбасылық құндылықтарды нығайту және аналардың адам өміріндегі маңызды рөлін еске салу.

Аналар күні Қазақстанда мамыр айының екінші жексенбісінде аталып өтеді.

Бұл мереке ана болудың маңыздылығын, аналарды құрметтеуді және олардың қоғамдағы рөлін атап өтуге арналған. Сондай-ақ осы бағытта Неке және отбасы институтын нығайтуға бағытталған бірқатар іс-шаралар жоспарланған.

Барлық жаңалықтар