Елордада «Ана - гүл, ана - өмір шырағы» мерекелік іс-шарасы өтті
![](/img/watch-gray.png)
![Елордада «Ана - гүл, ана - өмір шырағы» атты мерекелік іс-шарасы өтті](/img/articles/32a2334afb623d35c4ec1208509c1ad9.jpg)
Елордалық Достық үйінде «Ана - гүл, ана - өмір шырағы» атты мерекелік іс-шарасы өтті, деп хабарлады Elorda.info.
Арт - терапия форматында ұйымдастырылған рухани –танымдық басқосуға елордалық ҚХА Аналар кеңесінің мүшелері, Астана қаласы Алматы ауданының Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының қолданбалы өнер шеберлері, «Бақытты шаңырақ» қоғамдық қорының ата-аналары мен балалары қатысты.
12 мамыр - Аналарға күніне арналған іс-шараны қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының қызметкері Гульнара Тайгокова құттықтау сөзімен ашып, елімізде алғаш рет аталып өтіп отырған халықаралық мерекенің тарихымен таныстырды.
Бүгін біз Алматы ауданының Белсенді ұзақ өмір сүру орталығымен бірлесе іс-шара өткізіп жатырмыз. Мұнда «Бақытты шаңырақ» қорына қарасты ерекше балалар шақырылды. Шеберлік сағаттарына 20-дан астам отбасы қатысып отыр. Аналарды бүгінгі мерекемен құттықтап, сыйлықтар беріледі. Мерекені осылай тойлауды жөн көрдік, өйткені ана болу оңай емес, әсіресе ерекше баланың анасына өте қиын. Мен өзім 8 жыл бойы мүгедек балаларды қолдайтын «Жұлдызай» қорын басқардым. Бірінші балам бас жарақатымен туды, ата-анамыздың қолдауымен, дәрігерлердің көмегімен ерте реабилитациядан өтіп, сауығып кетті. Мамандығын алып, қазір өзі де ана атанып отыр. Сондықтан, ең бірінші, ана мен баланың саулығын тілеймін. Әсiресе, ерекше баланың анасына көп қолдау қажет, - деді Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесі төрайымы Алтынай Тәңірбергенова.
Шеберлік сағатына қатысушы балалар Алматы ауданының Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының қызметкерлері және сондағы қариялардың көмегімен суреттерді құрастырды.
Біздің орталықта қариялар неше түрлі ісмерлікпен айналысады: тігін тігеді, киім пішеді. Міне, бүгін белсенді қарттарымыз балаларға да қолғабыс көрсетіп жатыр. Олар шеберлік сағатына қатысушыларға суреттерді құрастыруға көмектесіп, сол арқылы кішкентайлардың моторикалық қабілеттерін шыңдауда, - деді Бақытжан Төлеубаева Алматы ауданы Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының іс-шаралар ұйымдастырушысы.
Сондай-ақ кішкентай қонақтардың назарына концерттік және ойын-сауық бағдарламасы ұсынылып, балалар мен олардың аналарына сыйлықтар табысталады.
![](/img/articles/a26147b7cd1e5639a152e2b5a6a96072.jpg)
![](/img/articles/f40e715f4b4966b9436826c112fe8948.jpeg)
![](/img/articles/475b87a51e1d49eac0325fb08e419fc8.jpg)
![](/img/articles/4dc92b4236dca1508df22f4433afa2c4.jpg)
![CTS автобус жолаушыларына маңызды мәлімдеме жасады](/img/articles/a26147b7cd1e5639a152e2b5a6a96072.jpg)
![Елордалық құтқарушылар Есіл өзенінде рейд өткізді](/img/articles/f40e715f4b4966b9436826c112fe8948.jpeg)
![Астаналықтар Олимпиаданың ашылуын ашық аспан астында тамашалай алады](/img/articles/475b87a51e1d49eac0325fb08e419fc8.jpg)
![Астанада жастарға арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті](/img/articles/4dc92b4236dca1508df22f4433afa2c4.jpg)
![Астанада отбасын қолдау орталықтарының жаңа жұмыс тәсілдері талқыланды](/img/articles/10cc3dbfef420bb46838d48facca8688.jpg)
![Елорда прокуратурасы мемлекетке 55 жер телімдерін қайтарды](/img/articles/1abf1cbd5b009de4c8c1a223dd5c6a0f.jpg)
![«Таза Қазақстан»: AMANAT партиясы елорда маңында бейсенбілік өткізді](/img/articles/0198d5d0b3564b6e2f5efe4e13ffccc4.jpg)
![Астанада өтетін ауыл шаруашылығы жәрмеңкесінің орны ауысады](/img/articles/c2770e1896adebd4ca1c5d140a1ef930.jpeg)
![Астана дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қалай безендіріледі](/img/articles/27c094b59af2af68b0afe028b28ee1fe.jpeg)
![«Зорлық-зомбылықсыз отбасы»: Елордада көшбасшы әйелдердің кездесуі өтті](/img/articles/7e174858182c1b1082025f4d2e2ea0f9.jpeg)
![Елорда іргесіндегі Көктал қалай дамып жатыр?](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2023_10_09_at_18_05_18_kopiya_1e2396a307.jpeg)
![Астанада 1 маусым – Балаларды қорғау күні қандай іс-шаралар өтеді?](/img/articles/uploads/balalarr_305fdbed74.jpg)
![Астанада мектеп жанындағы жазғы лагерьлер жұмысын бастады](/img/articles/e6f9729929141c1f91e52a0e66f63d04.jpeg)
![Елорда мектептері жаңа оқу жылына дайын](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2023_08_29_at_12_17_26_7e03ee38ca.jpeg)
![«JASYL EL» еңбек жасақтарына қосылуға өтінім қабылдау басталады](/img/articles/uploads/627f2ec888e48374562518_47d31e1773.jpeg)
![Астанадағы мектепке Рақымжан Қошқарбаевтың есімі берілді](/img/articles/74110ea15444c213ba0b4d266d0720fa.jpg)
![Адал еңбек нәтижеге жеткізеді – полиция майоры](/img/articles/8bb68eeea52450bef148a63e3365bee4.jpg)
![Астанада жолақысы қашан өзгеретіні белгілі болды](/img/articles/67fdb0accfe7db8cb69915448336d432.jpg)
![Астанада 500-ден астам мәдениет қызметкері қошқар мүйіз оюын бейнеледі](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2024_03_18_at_12_18_54_ec361d6ad8.jpeg)