00:00
Астана -10oC
USD:
474.83
EUR:
515.38
RUB:
5.5
Іздеу

Астанада алма, мамыргүл және қызғалдақ гүлдеді

13.05.2024 | 18:01
216
Астанада алма, мамыргүл және қызғалдақ гүлдеді
фото: www.gov.kz

Астанада алма, мамыргүл, қызғалдақ гүлдеді. Мәселен, Ататүрік саябағында Алма аллеясы бар. Қазіргі уақытта бұл саябақта 100-ге жуық алма, 50-ден астам мамыргүл гүлдеді. Көктемгі қызғалдақтар да саябақты сұлулығымен безендіріп тұр. Бұл туралы Elorda.info қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлады.

Елорда тұрғындары мен қонақтары саябақта бос уақытын өткізіп, алма, мамыргүл және қызғалдақ ағаштарының жанында суретке түскенді ұнатады. Саябаққа келушілердің бірі Гүлдәрия Сәрсенова мынадай пікірін білдірді:

«Елордада мұндай алма ағаштары бар деп мүлде ойламаппын. Соңғы рет мұндай сұлулықты Түркияда көрдім. Бүгін саябаққа тек серуендеу үшін келдік. Ал мұндағы сұлулықты көргеннен кейін серуеніміз фотосессиямен жалғасты. Бұл жер сондай әдемі», - деді ол.

Елорданың өзге де тұрғындары мен қонақтарының айтуынша, бұл саябақ елордадағы ең тыныш, демалу үшін таптырмас орын әрі ерекше көріністері бар.

Айта кету керек, «Ататүрік» саябағы 20 жыл бұрын 2004 жылы салынған. Саябақ елорда тұрғындары мен қонақтарының ең сүйікті орындарының біріне айналды. Мұнда елорданың мәдени-бұқаралық іс-шаралары өтеді.

Барлық жаңалықтар