00:00
Астана -10oC
USD:
474.83
EUR:
515.38
RUB:
5.5
Іздеу

Астаналықтар аналарын төл мерекесімен құттықтады

12.05.2024 | 17:05
202
Астаналықтар аналарын төл мерекесімен құттықтады
Фото: дереккөз

Мамырдың екінші жексенбісінде дәстүрлі түрде аталып өтетін Аналар күніне орай елордада балаларға раушан гүлдері таратылды. Олар өз кезегінде гүлдерді аналарына сыйлады, деп хабарлады Elorda.info Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Бұл акцияны тұрғындар да қолдап, аналарына қоңырау шалып, сүйіспеншіліктерін жеткізді.

Осы маңызды мерекеде біз күн сайын орасан зор жұмыс істеп, балаларды тәрбиелейтін және бірнеше рөлді көтеріп жүрген аналарды қуантқымыз келді. Балалар - біздің болашағымыз және олардың тұлға ретінде қалыптасуы негізінен, біріншіден, аналарға байланысты. Бұл шара - әйелдерге үздіксіз жұмысы үшін алғыс айтудың амалы! - деп атап өтті Астана қаласы Нұра ауданы әкімінің орынбасары Әлия Әбсеметова.

Барлық жаңалықтар