00:00
Астана -10oC
USD:
440.92
EUR:
475.36
RUB:
4.82
Іздеу

Тілендиев даңғылында коммуналдық базар мен жол айрығының құрылысы басталады

25.02.2023 | 10:53
Елорда ақпарат
29

«СТО Мастеров» базарының орнына заманауи коммуналдық базардың құрылысы басталды. Инвестордың арқасында жұмыс орындарын сақтай отырып, жаңа орындар ашамыз, - деп жазды ол.

Аудан әкімі ірі жобаларды салу кезінде қала тұрғындарының пікірі ескерілетінін айтты. Мысалы, жергілікті тұрғындармен кездесуден кейін құрылыс жоспарына жаңа сквер мен иттерді серуендетуге арналған алаңды абаттандыру енгізілді.

Тілендиев-Бейсекова қиылысында жол айрығын салу 3 жылдан бері жоспарланып келеді. Биыл бюджеттен қолдау тауып, керекті процедуралар өткізілді. 15 тамызға дейін жалға алушылар «Сәлем» базарын босатып, құрылысшылар жұмысқа кіріседі. Биыл инженердік желілер, ал келесі жылы жол айрығының құрылысы басталады, - деп жазды Ж.Жұмағұлов.

Айта кетейік, тұрғындардың өтініші бойынша биыл «Рахмет» СҮ алдында жаяу жүргіншілер өткелі пайда болады.

Барлық жаңалықтар