00:00
Астана -10oC
USD:
439.4
EUR:
473.54
RUB:
4.76
Іздеу

Елордада Халықаралық Отбасы күнін мерекелеуге арналған іс-шара өтті

25.02.2023 | 07:46
Елорда ақпарат
10

Жыл сайын 15 мамырда Халықаралық Отбасы күні атап өтіледі. Осы мерекеге орай елорданың №88 мектеп-лицейінде отбасылық құндылықтарды насихаттауға, ата-аналар мен олардың балаларына табиғат пен экологияға құрметпен қарауға, шығармашылық дағдыларын дамытуға арналған іс-шара ұйымдастырылды.

«№88 мектеп-лицейінде ата-аналар үшін шеберлік сыныптары өткізілді. Біз үйде тұрған қажетсіз заттардан не істеуге болатынын көрсеттік, оларды қоршаған ортаға пайдасы болатындай етіп жасауға болады. Мысалы, банка, бөтелке секілді заттардан гүлге арналған құмыралар сияқты бұйымдар жасаймыз. Бұл біздің балаларымызға қоршаған ортаға құрметпен қарауды үйретеді. Сол сияқты түймелерден түрлі суреттер жасаймыз. Үйде бар нәрсені өмірде қолдана аламыз», – дейді ата-ана Зейнеп Істемесова.

 

Барлық жаңалықтар