00:00
Астана -10oC
USD:
440.92
EUR:
475.36
RUB:
4.82
Іздеу

Елордада білім саласындағы жемқорлықты жою талқыланды

24.02.2023 | 17:38
Елорда ақпарат
26

Кеңеске Департамент басшысының бірінші орынбасары Ілияс Базилов, превенция басқармасының басшысы Марат Хайруллин, ақпараттық-ағарту штабының төрағасы Шыңғыс Қожахметов, мектеп пен колледж директорлары, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы зерттеулер орталығы мен комплаенс өкілдері Айбек Қабылдин, Олжас Жаров қатысты.

Өз сөзінде Ілияс Базилов еліміздегі сыбайлас жемқорлық деңгейінің төмендеуінің жалпы үрдісіне қарамастан, білім беру жүйесі айтарлықтай сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшырағанын және комплаенс қызметтерінің ашылуы бізге оған нөлдік төзімділік қалыптастыруға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Кеңесте білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шеңберіндегі негізгі проблемалық мәселелер, оқу мекемелерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметтерді енгізу мәселелері талқыланды. Сондай-ақ, елордалық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет аталған қызметтерді ашу, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс институтының жұмысын ұйымдастыру бөлігінде әдіснамалық көмектің барлық түрлерін көрсету туралы атап өтті.

Кездесу барысында Айбек Қабылдин комплаенс қызметінің міндеттері мен мақсаттары туралы толығырақ айтып берді. 

"Комплаенс қызметінің негізгі функциялары — сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, мүдделер қақтығысын болдырмау, іскерлік этика кодексінің талаптарын бұзу фактілері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау, сыбайлас жемқорлық және басқа да құқыққа қайшы әрекеттер", — деді ол.

Бүгінгі таңда елорда аумағында комплаенс офицерлер қызметі енгізілген 100-ден астам мекеме бар.

Іс-шарада қатысушылар ISO 37001 халықаралық стандартының құрылымымен және артықшылықтарымен, сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджменттің тиімді жүйесін құру бағытымен танысты.

ISO 37001 стандарты мекемелер үшін егжей-тегжейлі талаптарды белгілейді және парақорлықпен күрес жүйесін құру, енгізу, қолдау және жетілдіру бойынша нақты ұсыныстар береді.

Шара соңында тараптар білім беру жүйесіндегі сыбайлас жемқорлықты жоюға бағытталған комплаенс қызметтерін құруға қызығушылық білдірді.

Барлық жаңалықтар