00:00
Астана -10oC
USD:
443.72
EUR:
482.28
RUB:
4.9
Іздеу

Республика күні қарсаңында Азиадада бақ сынаймын – Ақмарал Науатбек

19.10.2023 | 03:00
101
фото: olympic.kz Коллаж: Елтай Нұрғазин

22-28 қазан аралығында Сары құрлықтың басты бәсекесі Азия пара ойындары Қытайдың Ханчжоу қаласында өтеді. Төрт жылда бір рет ұйымдастырылатын жарысқа еліміздің атынан 131 атлет қатысады. Ұлттық құрамада Парадзюдодан екі дүркін әлем чемпионы Ақмарал Науатбек те бар. Елордалық спортшы Республика күнімен тұспа-тұс келіп тұрған әлемдік дода алдыңдағы көңіл-күйімен бөлісті, деп хабарлады Elorda.info тілшісі.

Парадзюдодан ел құрамасы 25 қазан IV азия пара ойындарында сыңға түседі. Қазір қызу дайындық жүріп жатыр. Қазіргі таңда Алматы облысында оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатырмыз. Ертең Ханчжоуға аттанамыз,- дейді Ақмарал Науатбек. 

Парадзюдодан екі дүркін әлем чемпионының сөзінше, ел атынан әлемдік жарысқа қатысу әрқашанда патриоттық рухты көтереді. 

Елімізде Республика күнінің қайта жаңғырып, мәртебе алғаны өте дұрыс шешім деп есептеймін. Өйткені, еліміздің тәуелсіздігі осы күннен бастау алатыны баршаға белгілі. Өз елімнің атынан үлкен жарысқа қатысу патриоттық рухымды әрқашан еселейді. Әсіресе спортшылар еліміздің атын әлемдік додада шығарып, мәртебесін көтеріп жүр. Ел намысы сынаққа түскен сәтте алдымызда жерлестеріміздің үлкен үміті тұрады. Мен еліміздің абыройын сөзбен емес, алдағы додағы жеңіспен дәлелдеймін,- дейді ол. 

Елордалық спортшы әлемдік деңгейде бақ сынап, ел мерейін үстем етуді үлкен құрмет деп есептейді. 

Елім үшін сынға түсіп, көк туым шарықтап көтеріліп, әнұранымыз орындалғанда тұла бойымды қуаныш билейді. Міне, биыл дәл осы мереке қарсаңында ұлттық құрама парадзюдодан IV Азия пара ойындарында сынға түседі. Мен де өз бағымды сынап көремін. Еліміздің үмітін ақтауға барымызды саламыз. Келе жатқан Республика күні құтты болсын!,- дейді  Парадзюдодан екі дүркін әлем чемпионы. 

Барлық жаңалықтар