00:00
Астана -10oC
USD:
443.72
EUR:
482.28
RUB:
4.9
Іздеу

Нұрсұлтан Тұрсынов грек-рим күресінен Олимпиада жолдамасына ие болды

25.09.2023 | 03:00
76
Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Қазақстандық балуан Нұрсұлтан Тұрсынов Сербия астанасы Белград қаласында өткен әлем чемпионатында грек-рим күресінен Олимпиада жолдамасына ие болды, деп хабарлады Elorda.info

Нұрсұлтан Тұрсынов 87 келіге дейін салмақта қола жүлде үшін бәсекеде Олимпиада чемпионы, украиналық Жан Беленюкқа есе жіберді.

Дегенмен жарыс шарты бойынша жеңіліп қалғандар үшін тағы бір жолдама ойнатылды.

Бұл белдесуде Нұрсұлтан әзербайжандық Ислам Аббасовты 8:0 есебімен айқын басымдықпен ұтты.

Сөйтіп өз салмағында бесінші орынға табан тіреп, Олимпиада жолдамасын жеңіп алды.

Осылайша, күрес түрлерінен дүниежүзілік додада Қазақстан құрамасына қос жолдама бұйырды.

Барлық жаңалықтар