00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Іздеу

Елена Рыбакина Уимблдон турнирінің үшінші айналымына өтті

05.07.2024 | 12:59
Олжас Сүлейменов
154
Елена Рыбакина Уимблдон турнирінің үшінші айналымына өтті
Фото: дереккөз

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина екінші айналымда дүниежүзілік рейтингіде 72-орында тұрған германиялық Лаура Зигемундпен кездесті, деп хабарлады Elorda.info.

Қарсыластар осыған дейін бес рет кездесіп, соның төртеуінде Рыбакина жеңген еді. Бұл жолы бірінші партияда Елена 3:1 есебімен алға шыққанымен, Зигемунд таразы басын теңестірді. Дегенмен қазақстандық спортшы қатарынан үш геймді алды – 6:3.

Екінші сетті германиялық спортшы брейкпен бастағанымен, Рыбакина есепті теңестірді – 2:2. Алайда сет Зигемундтің еншісінде кетті – 6:3.

Үшінші, шешуші сетте Рыбакина ақыры дегеніне жетті – 6:3.

Ол енді әлем рейтингіде кезінде көш бастаған, қазір 91-орындағы даниялық Каролина Возницкимен жолығады.

Барлық жаңалықтар