00:00
Астана -10oC
USD:
441.58
EUR:
480
RUB:
4.86
Іздеу

Елордалық ALAN клубының спортшылары халықаралық турнирде топ жарды

02.05.2024 | 08:32
87
Елордалық ALAN клубының спортшылары халықаралық турнирде топ жарды
ашық дереккөз

Жапония мемлекетінің Токио қаласында  2024 ALL INTERNATIONAL OPEN JAPAN KARATE TOURNAMENT халықаралық турнирі өтті, деп хабарлады Elorda.info.

Жарысқа әлемнің 20 мемлекетінен 800-ге жуық спортшы қатысып, бақ сынады. Олардың қатарында астаналық Alan спорттық клубының каратэшілері де бар.

15-16 жас қыздар арасында өнер көрсетіп, 1-орынға ие болған Ай Асия, жарыс чемпионы атанды.

15-16 жас аралығы бойынша 60 келі салмақ дәрежесінде Баткен Бекарыс қола жүлде иегері атанды.

Сонымен қатар, 18 жастан жоғары спортшылар арасында, 85 келі салмақ дәрежесінде Құрмет Алмаз күміс жүлде иегері атанды.

Барлық жаңалықтар