00:00
Астана -10oC
USD:
443.72
EUR:
482.28
RUB:
4.9
Іздеу

Елордалықтар Жәмила Бақбергенованы әуежайдан күтіп алды

10.10.2023 | 08:30
50

Бүгін Ханчжоуда өткен жазғы Азия ойындарында әйелдер күресінен күміс жүлдегер атанған Жәмила Бақбергенова елге оралды, деп хабарлады Elorda info.

Қытайда өткен байрақты бәсекеде жаңа 76 келі салмаққа көтеріліп, 2-орын алған атақты балуан қызымызды әуежайдан туған-туыстары, достары мен жанкүйерлері зор құрметпен қарсы алды. 

Жәмила Бақбергенова 1 айдың ішінде Сербиядағы әлем чемпионатында қола, артынша Ханчжоудағы Азия ойындарында күміс жүлдеге қол жеткізген әйелдер құрамасындағы жалғыз балуан атанып отыр. 

Жаңа салмаққа ауысқан соң, басқаша күресу керек болды. Қарсыластар деңгейі өзге салмақта айтарлықтай айырмашылығы сезілмеді. Финалда әлем чемпионатының күміс жүлдегері Айпері Медет қызымен өткен белдесуде өзімнің қателігімнен есе жібердім. Дегенмен, оның да жай балуан емес екенін барлығы біледі. Алдағы уақытта осы Олимпиадалық салмаққа ауысып, күресетін боламын,- деді Жәмила Бақбергенова. 

Айта кетейік, жерлесіміз жарыс жолында Светлана Окназарованы (Өзбекстан) 7:0, Ариунжаргал Ганбатты (Моңғолия) 6:0, жартылай финалда үнді балуаны Киранды 4:2 есебімен жеңіп, тартысты финалдық белдесуде қырғыз балуаны Айпері Медет қызына  4:7 есебімен есе жіберді.

Қанат БАЙҰЗАҚОВ

Барлық жаңалықтар