00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Британиялық боксшы Жәнібек Әлімханұлын жекпе-жекке шақырды

07.08.2023 | 11:00
55
Фото: Ж.Әлімханұлының Instagram парақшасынан

Кәсіпқой бокстан Ұлыбритания спортшысы WBO тұжырымы бойынша орта салмақта әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлын (14-0, 9 КО) айқасқа шақырды деп хабарлады Elorda.info

Британиялық боксшы Феликс Кэш (16-0, 10 КО) Twitter парақшасында жерлесімізді кезекті мәрте атап өтті. 

Жәнібек, өзара жекпе-жек өткізейік. Сен үнемі «Айқасатын қарсылас жоқ» деп айтып келесің. Мен сені жеңемін, - деп жазды ол. 

Айта кетейік, Феликс Кэш WBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлемдік рейтингте Геннадий Головкин, Лиам Смит, Мейірім Нұрсұлтановтан кейінгі төртінші орында тұр. 

Бұл боксшы бұған дейін 2022 жылы желтоқсан айында Португалия өкілі Келс Невешті (9-4-2, 2 КО) төрешілер шешімімен жеңген болатын. 

Ал жерлесіміз мамыр айында канадалық Стивен Батлерді (32-4-1, 26 KO) мерзімінен бұрын ұтқан еді.

Қанат БАЙҰЗАҚОВ

Барлық жаңалықтар