00:00
Астана -10oC
USD:
443.72
EUR:
482.28
RUB:
4.9
Іздеу

Біз елімізді мақтан тұтамыз – елордалық спортшылар

25.10.2023 | 06:30
69
фото: gov.kz

Елорда атынан сынға түсетін Азия ойындары мен халықаралық мектеп олимпиадаларының жүлдегерлері Республика күні қарсаңында жеңіс тұғырында Қазақстан туын көргендегі сезімдері туралы айтып берді, деп хабарлады Elorda.info қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

XIX Жазғы Азия ойындарының жеңімпазы Нұржан Батырбеков өз елінің Туын көтеру – әрбір спортшының мақсаты мен арманы екенін тілге тиек етті.
Оның бұл пікірін XIX Жазғы Азия ойындарының күміс жүлдегері Галина Дуванова да растады.

Ерекше сезімге бөленгенім рас. Еліміздің намысын қорғап, финалға шыққаным үшін қуаныштан көзіме жас келді. Сынға түсіп, Қазақстанның спорты дамып келе жатқанын көрсетемін, - дейді спортшы.

галина.jpeg

Елордалық мектептің оқушысы, биология бойынша халықаралық олимпиаданың жүлдегері Ғалымжан Бақтыбай әлемдік деңгейдегі зияткерлік турнирде үздіктердің қатарына кіргенін бірден түсінбегенін және өз елінің намысын қорғай алғанын мақтан тұтатынын атап өтті.

Қазақстан атынан Олимпиадаға қатысу және Қазақстанның намысын халықаралық аренада қорғау мен үшін үлкен жетістік. Мен өз елімнің атынан халықаралық олимпиадаларға қатыса алатыныма қуанамын, - деп атап өтті оның командаласы Дана Амангелді.

призер.jpeg

Қазір Қазақстан халықаралық олимпиадалар бойынша рейтингтің басында тұр. Біздің қатысушылар қашанда жүлделі орындарға ие болады және алтын мен күмісті жиірек алады. Өткен жылдармен салыстырғанда бұл үлкен жетістік, - дейді информатика бойынша халықаралық олимпиаданың жүлдегері Серікбай Нұралы.

Барлық жаңалықтар