00:00
Астана -10oC
USD:
443.72
EUR:
482.28
RUB:
4.9
Іздеу

Азия пара ойындарында 131 қазақстандық бақ сынайды

18.10.2023 | 14:00
48
Фото: ortcom.kz

Ханчжоу қаласында өтетін ІV жазғы Азия пара ойындарында 131 қазақстандық спорттың 14 түрінен бақ сынайтын болады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңындағы баспасөз конференциясында Туризм және спорт вице-министрі Сәрсен Құранбек мәлім етті, деп хабарлады Elorda.info

Құрлықтың пара ойындары 22-28 қазан аралығында Қытайдың Ханчжоу қаласында ұйымдастырылады.

Вице-министрдің айтуынша, қазақстандық спортшылар додаға жақсы дайындықпен бара жатыр. 

Осы күнге дейін 44 оқу-жаттығу жиыны өткізілді. Қазіргі таңда тікелей осы ойындарға қатысты 10 оқу-жаттығу жиыны ұйымдастырылу үстінде. Спортшыларымыз 47 стартқа қатысты. Жалпы командамыз жақсы дайындықпен бара жатыр деп айта аламыз. Біз 6 алтын алып, өткен Азия ойындарына қарағанда көрсеткішімізді жақсартып, 12 орынға табан тірейміз бе деген үмітіміз бар, – деп мәлім етті С.Құранбек. 

Енді бірер күнде басталатын Азия пара ойындарында жалпы саны 22 спорт түрінен 564 жүлде жиынтығы ойнатылатын болады. Атлеттер пара дзюдо, пара пауэрлифтинг, пара жүзу, пара жеңіл атлетика, пара тхэквондо, пара оқ ату, пара садақ ату, отырып ойнау волейболы, пара үстел теннисі, пара велоспорт, пара академиялық есу, шахмат, бочча каноэ сынды жарыстарда шеберлік байқаспақ.

Айта кетейік, 2018 жылы Индонезияның Джакарта қаласында өткен Азия пара ойындарына елімізден 9 спортшы қатысқан болатын. Жалпы саны 5 алтын, 15 күміс, 13 қола медаль жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте Қазақстан 13-ші орыннан көрінді.

Барлық жаңалықтар